«Білім беруде заманауи оқыту үрдістерінің талаптары мен тиімділігі»

Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар мен студенттер терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгеруіне мүмкіндік болады. Шет тілі пәнін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

«Білім беруде заманауи оқыту үрдістерінің талаптары мен тиімділігі» атты дөңгелек үстел Батыс Қазақстан Инновациялық Технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен 2023 жылдың 10 ақпанында конфереция залында өтті. «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, Матжанова Гульвира Жусуповна модератор ретінде дөңгелек үстелдің тақырыбы мен мақсатын және қатысушыларды таныстырды.

Аталмыш шараға Батыс Қазақстан Инновациялық Технологиялық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Батыс Қазақстан Білім басқармасының өкілдері, білім беру саласындағы үздік мамандар, эксперттер, Орал қаласының мектеп басшылары мен ұстаздары қатысты. «Тілдер және менеджмент» факультетінің деканы, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Раманова Айгуль Абибуллаевна дөңгелек үстелді ашып, қатысушылырды пікірлесуге және жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тақырыпты талқылау барысында шет тілдерін оқытудың заманауи талаптары, инновациялық білім берудің бағдарламалары мен бағыттары, болашақ мұғалімдерді даярлауда озық технологиялар мен әдістемелер қолдану, ұстаздардың біліктілігін арттыру жолдары, оқытудағы өзекті мәселелер және олардың шешімдері, мектептегі мұғалімнің ролі, дуальды және инклюзивті білім беру жүйесінің тиімділігі, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бұл шара үш жақты диалог ретінде маман дайындаушы – жоғары оқу орындары, жұмыс беруші – жергілікті мектептер, басқарушы өкіл – БҚО білім басқармасы арасында өтті. Мектеп директорлары студенттердің коммуникативті дағдыларын дамытып, бала және ата–анамен жұмысты жүргізе білу маңыздылығын айтты. «Тілдер және менеджмент» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қарастырылған мәселелерді ескере отырып, келесі оқу жылына жаңа оқу бағдарламарын жасап, мектеп ұстаздарымен тығыз жұмыс жасайтындығын мәлімдеді. Дөңгелек үстелде жалпы пікірталас тудыратын және ұжымдық қызығушылық тудыратын тақырып бойынша пікірталас, қатысушылар өз көзқарастарын, идеялары мен пікірлерін ұсынылды..

Облыстық білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының ағылшын тілі пәні әдіскері, Ажикенова Ұлпан Маликовна «Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі», Эстетикалық бағыттағы гимназияның директоры Кайржанова Алия Зулкарнаевна «English Teacher Requirements and Common Tasks», Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, Матжанова Гульвира Жусуповна «Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы», Летяйкина Татьяна Адыгамовна, п.ғ.м., «KazTEA» Қазақстан Республикасының ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының президенті (онлайн)KazTEA және ұстаздардың ынтымақтастығын арттыру жолдары”, Салаватова Асем Амангельдиевна, п.ғ.м., педагог зерттеуші, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп лицейінің ағылшын пәні мұғалімі «Қазіргі кездегі педагог тұлғасына қойылатын талаптар» және Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы – п.ғ.м., шетел тілдері және аударма ісінің аға оқытушысы, “TEO” ҚБ координаторы «TEO – Батыс Қазақстан облысының ағылшын тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі» деген презентациялар жасады.

Дөңгелек үстел қатысушылар София Салахиденовна п.ғ.к. Өрлеу «БАҰО» акционерлік қоғамының «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры, Азима Зиннатовна №42 Ақниет гимназиясының директоры, Зауре Жиеналиевна ф.ғ.к.қауымдастырылған профессор, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы, «Болашақ» тіл орталығының директоры, Гулсин Габдулгазизовна Батыс Қазақстан әкімдігі білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры, Сегізбаева Бактыгул Талаповна Орал қаласындағы физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының орынбасары, Ақжан Бисенгалиева «Болашақ» оқу орталығының мұғалімі өз ойларын ортаға салып, тақырып бойынша пікірлерімен бөлісті. «Тілдер және менеджмент факультетінің деканы», ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Раманова Айгуль Абибуллаевнаға дөңгелек үстелге қатысушыларға мазмұнды талқылау үшін рақмет айтып, отырысты қорытындылады.

Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *