Мықтымын ғой дегенмен…

Мықтымын ғой дегенмен…

Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен —
Басы қарға бөленген.
Бауыры көкке кенелген — Алатауды көрем мен.
(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен)
Мықтымын ғой тегінде!
Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!
Түкірдім мен оларға!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ана тұрған көгінде — жұлдызың бар сенің де,
Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ей, жүрегім, жеңілме.
…Мен несіне жерінем?!
Қорқатыным өлім бе?!
Қорықпай-ақ берілем
Өкінішті…
Амал не…
Өлмейтіндей келіп ем…
Мына жарық дүнием бірге туған менімен
Бірге өледі менімен!!!
Мұқағали Мақатаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *