Экожүйе түрлері

Мектеп: «Манашы жалпы білім бертін мектебі» КММ
Пәні:  Жаратылыстану
Сабақ тақырыбы: Экожүйе түрлері
Күні: 8.04.2021ж Мұғалімі (машықкер): Рахметова Н.Б.
Сынып: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: 5.6.1.2. Экожүйе түрлерін жіктеу
  Сабақтың мақсаттары 5.6.1.2- Экожүйенің түрлерін жүйелейді
Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

·         Барлық оқушылар

Экожүйе ұғымы туралы айта алады.

·         Басым көпшілігі

Жергілікті экожүйе ерекшеліктерін сипаттайды.

·         Кейбір оқушылар

·         Суреттегі экожүйелерге мәтін құрастыра алады.

 

Дағдылар

Білімін қолдану, түсіну, , талдау, жинақтау, бағалау.

  • Экожүйе түрін анықтайды, жіктей алады.
  • Турғылықты экожүйенің ерекшеліктерін сипаттай алады
  • Суреттегі экожүйелерге мәтін құрастыра алады
Тілдік мақсаттар Экожүйе- экосистема- ecosystem;

Мекен ету ортасы- среда обитания- habitat;

Қоршаған орта- окружающая среда- environment;

Биотоп – биотоп- вiotope;

Табиғи экожүйе — природная экосистема- natural ecosystem;

Жасанды экожүйе- искусственная экосистема- мan-made ecosystem.

 

Оқытудың тілдік мақсаты: Бактериялардың тұрмыстағы зияны неде? Экожүйе түрлерінің маңызы неде деп ойлайсыз?

 

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

………………………….—біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы.

Биосфераға………………….жоғарғы және төменгі қабаты кіреді.

Жер бетіндегі барлық өсімдіктер……., ал жануарлар…….. құрайды.

 

Құндылықтарды дарыту Мәңгілік ел жалпы ұлттық идеясына сәйкес шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу қабілеті мен дағдылар анықталған.
Пәнаралық байланыстар Биология, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Слайд презентациясын қолдану, суреттер мен бейне жазбалар
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Оқушылар 3-4 сыныптан тірі ағзалардың тіршілік орталарын, мекен ету орталарын біледі, анықтама бере алады.
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Оқыту көздері мен ресурстар
  Сабақтың басы
Ұйымдастыру бөлімі

 

     

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

 

Сәлемдесу, қатысым тексеру .

Сабақты ұйымдастыру;  алдынғы сабақ бойынша экожүйе құрам бөліктері туралы тапсырма сұралады.

 

Сергіту сәті.            Бейнебаян

 

Үй тапсырамасы:

Үй тапсырмасына дайын емес оқушыларға үлестірме қағаздар таратылыды.

1. Өз аймағыңның экологиялық жағдай қандай? Және қандай өcімдіктер мен жануарлар өседі.

2. Экологиялық жүйе дегеніміз не? Тірі ағзалар қауымдастығынан және олардың тіршілік ортасынан тұратын біртұтас табиғи жүйе.

3. Тірі ағзалар қандай қоршаған орталармен әрекеттеседі? Ауа, топырақ, су, жер бедері

 

 «Шыңға шығу » әдісі . Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы сұрау:

1-сұрақ: Экожүйе дегеніміз не?

2-сұрақ: Экология терминін кім ұсынды?

3-сұрақ: Экожүйені қандай компоненттер құрайды?

4-сұрақ: Экожүйелерге мысалдар келдір.

5-сұрақ: Экологияны ластаушы заттар?

6-сұрақ: Экожүйе даму үшін қандай жағдай қажет?

Критерий:

ü  Экожүйе ұғымын меңгере алады;

ü  Экожүйе ұғымымен таныса алады;

Дескриптор:

Ø  Экожүйе үғымымен танысады;

Ø  Экожүйе ұғымын меңгереді;

 

ҚБ: Қызғалдақтар көмегімен бағалау.

 

 

 

 

Бейне жазба

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызғалдақтар

 Сабақтың ортасы
Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cабақтың ортасы

 

Топқа бөлу.

Суретке қарап отырып өздері ең бірінші көрген сөзді ала отырып топтарға бөлінеді.

(Суретте Күн және гүлге қонып тұрған араның суреті болады. Қай суретті ең бірінші рет көрген болға сол суретті алады. Суреттің артқы жағында таңдаған оушылардың психологиясын білу мақсатында мінездеме беріледі.)

1 –топ «Гүлдер»

2 –топ «Аралар»

3 -топ  «Күн»

 

Білу және түсіну

Видеороликпен танысу.

-Балалар видеодан нені көріп тұрмыз?

-Экологиялық жүйені көріп тұрмыз.

Экожүйе –  белгілі бір ортада тіршілік етіп жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, микроағзаларды, олардың бір-бірімен байланысы және өзара зат пен энергия алмасуын «экожүйе» деп атайды. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Ғылымда экожүйені жіктеудің бірнеше тәсілі бар. Оның ішінде кең тарағаны – экожүйені «табиғи» және «жасанды» деп екі үлкен топқа бөлу.

        Табиғи экожүйе— табиғи экологиялық жүйе табиғат күштерінің арқасында пайда болған, адам қолы тимеген жаратылыс жүйесі, табиғи қалыптасқан орта.

       Жасанды экожүйе – адам жасаған орта мен онда тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер дүниесі. Мұндай жүйені кейде нообиогеоценоз не әлеуметтік экожүйе деп те атайды.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады

 

ҚБ: Лайк арқылы бағалау

 

                               «WhatsApp желісі» әдісі

5 «Б» сыныбы біздің әлеуметтік желімізге осы жаңа тақырыбымызға байланысты бірірнеше сұрақтармен тапсырмалар жіберген екен, сұрақтарға жауап беріп көрейік.

Оқушылар кез-келген хабарламаны аша отырып, сұрақтарға жауап береді.

1.Экожүйенің құрамы неден құралыды?

2.Биоценоз дегеніміз не?

3. Биотоп не нені қарайды?

4. Экологиялық факторларды ата?

5.Экожүйелер қайда кездеседі?

6.Өз аймағыңның экожүйесі қандай?

Критерий:

ü   Экожүйенің құрамымен таныса алады;

ü  Экологиялық факторларды ажырата алады;

Дескриптор:

Ø  Экожүйенің құрамымен танысады;

Ø  Экологиялық факторларды ажыратады;

 

Биологиялық диктант. Кеспе қағаз арқылы жеке жұмыс.

True and False

Оқушылардың тілдік мақсатын дамытуды көздей отыра терминдермен қорытында жасайды. Төмендегі тұжырымның қайсысы true(дұрыс) қайсысы false(бұрыс) екенін ажырату.

 

Тұжырым True False
1.Экожүйе терминін 1935 жылы М.В.Ломоносов енгізді.        +
2.Өзіне тән климаты және жер бедері бар биоценоздардан тұратын құрлық немесе су айдыны биотопты құрайды         +  
3.Экологиялық фактор биотикалық және абиотикалық болып екі топқа ажыратылады.          +  
4.Экожүйе құрамы жерүсті және жер асты жүйеден тұрады.         +
5.Биоценоз терминін 1877 жылы К.Мебиус енгізді          +  
6.Биоценоз дегеніміз түрлер арасындағы жерге, корекке деген жыртқыштық бәсекелестік деп аталады.         +

 

Критерий:

ü  Экожүйенің түрлерін ажырата алады;

ü  Биоценоз және биотопқа сиппаттама бере алады;

Дескриптор:

Ø  Экожүйенің түрлерін ажыратады;

Ø  Биоценоз және биотопқа сиппаттама береді;

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейне жазба

 

 

Плакат

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

Лайк суреттері

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме қағаз

Сабақтың соңы
Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

«Аукцион» әдісі. 

5 «Б» сыныбының сұрақтарына өте керемет жауап бергендеріңе орай, дәл осы сыйлықты сендерге беріп жіберді. Бұл сыйлық көріп тұрғандарыңдай біреу ақ сондаықанда мен қазір осы сыйлықты аукционға қоямын. Қай топ көп кітапшалар жинайтын болса сол топқа беретін боламын.

Оқушылар кезек кезекпен  қолдарындағы белгіні көтеру арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беред?

1. Экологиялық фактор нешеге бөлінеді ата? Биологиялық және абиотикалық фактор

2. Биоценоз сөзі қандай мағынаны білдіреді? Биос-тіршілік немесе өмір, ценос-қауымдастық

3. Экожүйе терминін кім қай жылы ұсынды? 1935  жылы А.Тенсли

4. Табиғи экологиялық жүйе дегеніміз не?  Табиғи экологиялық жүйе табиғат күштерінің арқасында пайда болған, адам қолы тимеген жаратылыс жүйесі.

5. Биологиялық фактор дегеніміз не? Тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етуінің барлық формалары.

6. Табиғи экожүйе түрлерін ата. Өзен-көл, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі

7. Қазақстанның табиғат зоналары қандай? Жерүсті, тұщы сулы, теңіздік

8. Биоценоз терминін қай жылы кім енгізді? 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус

9. Абиотикалық фактор дегеніміз не?  Бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы

10.Экологиялық жүйе дегеніміз не? Тірі ағзалар мен олардың тіршілік ортасынан тұратын біртұтас табиғи жүйе.

11.Жасанды экологиялы жүйе дегеніміз не?  Адам жасаған орта мен онда тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер дүниесі

12.Биоценоз дегеніміз не? Бір-бірімен байланысатын қоршаған ортасы бар тарихи қалыптасқан қауымдастық.

13.Экология ғылымы нені зерттейді? Жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын.

14.Экологияны ластайды заттарды ата. Химиялық тыңайтқыштар, көлік қалдықтары, қоқыстар, әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері т.б.

15.Тірі ағзалар қалай тіршілік етеді? Қолайлы белгілі бір аймақта.

Рефлексия«Таразы» әдісі

Бүгінгі сабақ түсінікті және ұнаған болса лайк батырмасын басамыз .

Ал егерде маған жеке сұрақтарыңыз болса жекеме азып қалдыруыңызға болады.

Ал егер сабақ бойынша ұсыныстарыңыз болса комментарийге жазып қалдырамыз.

 

Үй тапсырмасы: 45-тақырыпты оқып келу.

Өздеріне қажет терминдерді даптерге жазып келу.

   Слайд

 

 

 

 

 

 

Үлестірме

қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары  оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Ойлаудың әртүрлі деңгейлеріне сай сұрақтар қою арқылы. Оқушылардан тұжырымдамалық карта/постер/сызба жасауға таңдау беру арқылы

Кейбір оқушыларға жазбаша сипаттамалар беру мүмкіндігін ұсыну арқылы. Ағылшын тілінде сипаттамалар беруді сұрау арқылы. Кейбір оқушыларға ресурстар түрлерін таңдауға мүмкіндік беру арқылы

Қосымша тапсырмалар арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Оқушылардың талқылаулар кезіндегі сұрақтарға жауап берулері арқылы

Ақпаратты талдап, кластер, тұжырымдамалық карта немесе постер жасаулары арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

 

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Демонстрация кезінде абай болу.

Демонстрация кезінде белсенді қозғалыс жасайды

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *