Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси билік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси билік
Модуль/пән атауы: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Дайындаған педагог: Длекешов Д.А.
2022 жылғы “13” сәуір
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: Е-201, 202, 203, 204 топ, ІІ курс 2021-2022 оқу жылы
Сабақ типі: құрама, жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы ,түсіндіру, топпен жұмыс, Джигсо, мәтінмен жұмыс
- Мақсаты, міндеттері
Сабақ мақсаттары | Қазақстандағы саяси биліктің қалыптасуы мен оның принциптерін, ҚР мемлекеттік құрылымымен танысу, биліктің легитимділігін анықтау. |
Сабақ міндеттері | Студенттердің ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау. |
Бағалау критерийлері | 1.Саяси билік мәні, принциптерін анықтау
2.Қазақстанның мемлекеттік құрылымымен танысу 3.Биліктің қызметтері мен олардың жіктелуін анықтау 4.Биліктің легитимділігін анықтау |
Тілдік мақсаты | Саяси билік – Политическая власть – Political powerЛегитимділік – легитимность – legitimacyЗаң шығарушы билік – Законодательная власть – Legislature powerАтқарушы билік – Исполнительная власть – Executive powerСот билігі – Судебная власть – Judicial branchТеңсіздік – Неравенство – Inequality |
Пәнаралық байланыстар: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері
Тақырыбы: Экономика және оның қоғамдағы ролі
Пәнішілік байланыстар: Демократия. Қазақстандағы саяси институттар
- Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/дағдылар:
- Сабақты жабдықтау: презентация, дәріс, тапсырмалар
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: Г.М.Серғазина, Р.Н.Абылқалықова «Саясаттану» Оқулық қарағанды 2019ж.
- . Техникалық құралдар, материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук
- Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері: | Оқытушы іс-әрекеті |
Сабақтың басы:
Ұйымдастыу кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі.
Білім алушылардың сабаққа дайындығы мен Zoom желісіне қосылуын тексеріп, түгелдеп аламын, сабаққа қатыспаған студентті белгілеу. Студенттерді сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру. |
Үй жұмысын тексеру
|
1-тапсырма
Тереңдетілген бағыт бойынша: 1. Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу. 2. Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау. 3. Шағын кесте дәуірлердің өкілдері бойынша жасау. 4. Әр заманның саяси ой-пікірлердің ерекшеліктерін дәптерге жазу. 2-тапсырма Шығармашылық бағыт бойынша: Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауилардың саяси көзқарастарына арналған реферат жазу Дескриптор: 1.Саяси ойлардың даму кезеңдерін анықтайды 2.Ежелгі ойлардың қалыптасуын зерделелейді 3.Жаңа заманғы саяси ойлардың дамуын оқып танысады. 4.Шығыс елдерінің саяси ойларымен танысады 5.Теологиялық бағытты анықтайды 6.Геосаяси бағытты анықтайды. |
Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыу |
Қызығушылықты ояту кезеңі:
«Әр түрлі елдердегі саяси билік» туралы видеоролик көрсету. Берілген үзіндіден тақырыпқа шығу. |
Сабақтың ортасы
Сабақтың негізгі мазмұны
Мәтінмен жұмыс (Теориялық материал) |
Жоспар
1.Саяси билік мәні, принциптері 2.Қазақстанның мемлекеттік құрылымы 3.Биліктің қызметтері мен олардың жіктелуі 4.Биліктің легитимділігі
Мағынаны тану: «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. • Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады. • Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету ДЖИГСО әдісін қолдана отырып, топтарға 3 түрлі мәтін таратылады. Топтар мәтінмен жұмыс жасайды. Жаңа білімді оқушының өзі игеруі, бірін-бірі ұжымдық оқыту. 1 – топ: Саяси билік мәні, принциптері 2- топ: Қазақстанның мемлекеттік құрылымы Атқарушы билік Үкімет Заң шығарушы билік Сот билігі Жергілікті билік органдары 3- топ: Биліктің қызметтері мен олардың жіктелуі Саяси билік субъектілері 4-топ: Биліктің легитимділігі
|
Жұмыс түрлері, (топтық, жұптық, жеке) Әдіс тәсілдер (белсенді, саралап оқыту)
Қалыптастырушы бағалау әдістері |
Ой толғаныс сатысы:
1-топ:Сұрақтарға жауап беріңіз 1.Саяси билік дегеніміз не? 2.Билік сөзінің әр түрлі мағынада қолданылуы 3.Атқарушы билік дегеніміз не? 4.Сот билігі дегеніміз не? 5.Заң шығарушы билік дегеніміз не? 6.Легитимділік дегеніміз не? 7.Легитимділіктің үлгілерін атаңыз 2-топ. 1.Саяси биліктің экономикадан, идеологиядан, діннен айырмашылығы неде? 2.Саяси биліктің түрі мен қайнар көзі қандай? 3.Саяси биліктің ресурстарын атаңыз 4. «Билік легитимділігінің» мағынасын ашыңыз 5.Биліктің тиімді өлшемдері қандай? 3-топ. «Саяси билік» терминіне ассоциация құру, сөзжұмбақ құрастыру 4-топ: Тоффлердің билік туралы мына тұжырымдамасы дұрыс па: «Билікті асыра пайдалану біраз жаман көзқарас тудырады, бірақ билік ондай емес. Билік адамдар арасында тіл табысуды және барлық іске өзінің үстемдігін көрсетеді» сіздің ойыңызша саясаттанушы дұрыс па, бұрыс па? Дескриптор: 1.Саяси билік анықтамасын түсінеді 2.Саяси биліктің түрлерін ажыратады 3.Сот билігі мазмұнымен танысады 4.Атқарушы билік мазмұнын оқиды 5.Жергілікті билік қызметімен танысады 6.Заң шығарушы билік қызметтерімен танысады. 7.Биліктің легитимділігін анықтайды. |
Сабақтың соңы
|
Қорытындылау
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: – нені білдім, нені үйрендім – нені толық түсінбедім – немен жұмысты жалғастыру қажет |
Рефлексия
|
-Сабақ барысында мен үшін ……қызықты болды…
-Бүгінгі сабақта мен …………..білдім…. Экономиканың қоғамдағы қажеттілігін, қасиеттерін жоғары бағалап, өзіме қажет етемін. Себебі,… -Сабақта маған қиын болды… -Бірақ, мені… таң қалдырды. |
Үй тапсырмасы
|
Міндетті бағыт бойынша:
Г.М. Серғазина «Саясаттану» оқулығынан «Билік саяси феномен ретінде» тақырыбын (54-64 беттерін) конспектілеу Тереңдетілген бағыт бойынша: 1. Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу. 2. Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау. 3. Шағын кестеге әр елдің саяси билік формаларын түсіру. 4. Әр заман ойшылдарының саяси билік туралы ой-пікірлерін дәптерге жазу. Шығармашылық бағыт бойынша: Ибн-Халдун, Бертран Рассель, Талкотт Парсонстардың саяси билік туралы тұжырымдарын дәптерге жазып зерделеу. Ағылшын саясаттанушысы М.Янг 1958 жылы «Восход демократии» кітабында мериторатиялық (meritus-еңбек сіңірген, kretos – билік) теорияны тұжырымдайды. Ол кітабында басқару мереторатия арқылы көтеріледі, яғни елге еңбегі сіңген адам басқарса әділетті болады.М.Янгтың ойынша әлеуметтік прогресс интеллект өлшеміне байланысты. Одан кейін ағылшындық социолог Д.Белл «Мереторатия қағидалары университетте, билікте, бизнесте қолданылуы керек. Қоғам өзінің жақсы адамдар институттарынан таба алмайды, себебі әлеуметтік және рухани байлық аз болады» Сіздің ойыңызша қабілетті білімді адам ба әлде көпшілік басқарған дұрыс па? |