«Білгір биологтар»

Сайыс сабақ  «Білгір биологтар»

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.

Міндеттері:

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;
  • Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;

Сабақ түрі: интеллектуалды ойын

Барысы:

Мұғалім:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

7 «А» және 7«Ә» сыныптары арасында өткізілетін «Білгір биологтар» атты танымдық сайыс сабағымызға қош келіпсіздер!

Ақыл — тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, — деп Тұрмағамбет  Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайыс сабағымызды бастаймыз.

Бүгінгі ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, топтың атын, және девизін ойластырасыздар, сонымен қатар сіздерге берілген эмблеманың мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топта сайлаған лидер таныстырады.

Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 6 сайыстан тұрады:

I сайыс: Кім білгір?

II сайыс: Бәйге

III сайыс: Пантомима

IV сайыс: Ұяшықтар сыры

V сайыс: Жануарлар әлемінде

VI сайыс: Полиглот- тіл өнері!

 

Мұғалім: Олай болса  Кім білгір?  I сайысымызды  бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:

  • Әр топқа 5 сұрақ берілген, әрбір дұрыс сұраққа 1 балл;
  • Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады.
  1. Биология термині грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
  2. Омыртқасыздар дегеніміз?
  3. Тек өсімдік жасушасына тән оргоноид?
  4. Алғаш жасуша терминін ғылымға ұсынған ғалым?
  5. Жасушадағы ядроның қызметі?
  6. Шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей жасушалар тобы не деп аталады?
  7. Жануарлар ұлпасының қанша түрі бар?
  8. Жасушасыз тіршілік иелері қалай аталады?
  9. Судың тамырдан жапыраққа дейінгі жолы?
  10. Өсімдіктер жасушасының қанша түрі бар?

II сайыс: «Бәйге»

Ойынның шарты: Әр топқа сұрақ қойылады. Сұрақ қойылмас бұрын, әр топ өздерінің еншілеріндегі баллдан өзі қалаған баллды ойынға тігіп, сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берілсе, тігілген ұпайға қосымша 2 ұпай беріледі, жауап дұрыс емес не мүлдем болмаған жағдайда балл қатысушының еншісінен шегеріледі.

Сұрақтары:

1-топ: Мен сүтқоректімін, бірақ теңіздерде мекендеймін. Әлемдегі ең үлкен жануар деп есептелемін. Ертеректе адамдар Жерге менің, анамның және әкемнің арқасында орналасқан деп сенген.

2-топ: Анамыз екеуміздің түгіміз жолақ түсті. Ол маған қорегімді өзі аулап береді, себебі мен әлі кішкентаймын. Мен ет қоректі жануармын. Егерде анамды адамдар жолбарыс деп атаса, мені қалай айтады екен?

3-топ: Мен жылуды, ылғалды және құнарлы топырақты, суды сүйетін дақылмын. Қайнатпам – асқазан ауруына қолданатын тамаша дәрі. Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сонда мен қай өсімдіпін?

4-топ: Мен екі жылдық көкеністік дақылдардың маңыздыларының бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді. Сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданыламын.

 

III сайыс: Пантомима

Бұл кезең «Крокодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.

Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 2 баллдан беріледі, әрбір суретке 40 с уақыт беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!

Енді ойынымыз қызықтырақ болу үшін тапсырманы қиындатамыз, енді сіздер қандай да бір биологиялық процесті табуларыңыз керек, мысалы тыныс алу, жеке даму деген сияқты. Ол үшін 2 немесе 3 адам шығуына болады, сіздерге күрделігіне қарай 1 мин уақыт беріледі.

  1. Гүлдің солуын қимылмен көрсету
    2. Судан шығып қалған балық.
    3. Мысықтан қорқып қашқан тышқан.
    4. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу.
    IV сайыс: Ұяшықтар сыры
  • Сұрақтар 3 категорияға бөлінген, әрбір категорияда 10 баллдан 30баллға дейін бағаланған сұрақтар берілген, сұрақты таңдау топтың еркінде;
  • Берілген сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сұраққа белгіленген балл топтың қоржынына кіреді;
  • Ал дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, жауап беру құқығы қарсыластарға беріледі.

Биология

10 балл- Тірі организм құрылымының ең кіші бөлігі?

20 балл- Суретте ненің бейнесі бейнеленген?

30 балл— Өсімдіктің зат тасмалдауға қатысушы мүшелері?

 

География

10 балл- Жер – су әлемі. Нелітен?

20 балл- Дүниежүзіндегі ең терең көл?

30 балл- Жер бетінде неше климаттық белдеу бар?

Логика

10 балл- Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, далаға шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған! Неге? кемпір қандай амал қолданды?
20 балл- Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

30 балл- Бұл бізге 3 рет беріледі. Алғашқы екі рет тегін. Ал үшінші ретінде ақша төлеуге мәжбүрміз. Ол не?

V сайыс. Жануарлар әлемінде

Презентацияда табиғатта жоқ жануарлар бейнеленген. Осы тірі организмдер қандай екі жануарлардан қосылып, түзілгенің анықтау қажет.

 

VI сайыс. «Полиглот- тіл өнері!»

Кезең нәтижесінде ең жоғарғы ұпай жинаған 2 қатысушы оқушылар финалдық сайыс кезеңіне өтеді. Финалдық сайыс «Полиглот- тіл өнері!» деп аталады. Әр қатысушыға жеке- жеке мақалдың жалғасын тауып немесе жұмбақтың шешуін тауып оны үш тілде айту қажет болады.

Сұрақтары:

1.Адам көркі шүберек,  ағаш көркі…

жапырақ, лист, foliage

  1. Сауыттан мықты шапаны,

   Жиырылып кейде жатады.

        тасбақа, черепаха, turtle

  1. Ағашта жабысып тұрады

Тұмсығын алмай ұрады.

  тоқылдақ- дятел- woodpecker

  1. Жалғыз кірпіш қорған болмас,

Жалғыз ағаш …… болмас

                       (орман, лес, forest)

  1. Үй ішінде 32 батыр, кіргендерді отап, турап жатыр

                                                                 (тіс , зубы, teeth)

  1. Мақтаның анасы жер,

Атасы -……               

                (су, вода, water)

 

Рефлексия

Сізге ойын ұнады ма, қандай әсер алдыңыз? __________________________________________________________________

Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады

__________________________________________________________________Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?

__________________________________________________________________Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?

 

Қорытындылау:

Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Ұпай сандары бойынша жеңген оқушылар анықталып, жүлделі орындарға мадақтама қағаздары беріледі

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *