Заманауи музыка — қысқа музыка

Заманауи музыка — қысқа музыка?
Байқасаңыз уақыт өте келе заманауи музыканың ұзақтығы күннен-күнге қысқаруда. Алайда уақыт өте келе, заман өзгере келе өлеңнің ұзақтығы әлдеқайда қысқарған. Мысалы қазіргі таңдағы әйгілі шетелдің Ариана Гранде, Джастин Бибер, Селена Гомес секілді әншілер тректің қысқа болғанын жөн көреді. Неліктен? Ендеше осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік.
2000 жылдан бастап өлеңнің орташа ұзақтығы 4 минут 30 секундтан 3 минут 40 cекундқа қысқарған. Себебі қазіргі таңдағы танымал Spotify, Apple Music іспеттес стриминг платформалар өлеңнің 30 секунді өткеннен кейін төлем принципін бастайды. Яғни ақшасын тезірек табады. Мысалы, бірінші өлеңнің ұзақтығы 3 минут делік, екінші өлеңнің ұзақтығы 4 минут және әр өлеңді тыңдауға 60 минуттан, яғни 120 минут берілсін. Бірінші өлең өзінің 60 минутында 3 минуттан 20 рет ойнайды. Ал өз кезегінде екінші өлең 60 минутта 4 минуттан 15 рет ойнайды. Қай өлеңнің алғашқы 30 секунді көп ойнады? Әрине бірінші өлеңнің, сәйкесінше пайданы да көп әкелген минуты қысқа — бірінші өлең. Екінші өлең бұл кезекте әртіске әлдеқайда тиімсіз. Сол себепті ұзақ әндерді жазудың қажеттілігі жойылуда. Сонымен қатар қазіргі таңда ұзақтығы қысқа өлеңдерді альбомдардың тыңдалым санын және сұранысын арттыруға шығарады. Себебі қысқа өлең — > ұзақтығы қысқа альбом — > тыңдалым көп болуы — > пайды көп көруі. Бірақ әртістер кейде өлеңдерді «сингл» қылып та шығарады.
«Жылдам интернеттің таралуымен және керемет құрылғылардың пайды болуымен контент тез арада қолжетімді болатыны анық, сәйкесінше тыңдармандардың көпшілігі өлең мен подписка сатып алудан бас тартады», — дейді Hyperboloid Records басшысы Сергей Сабуров.
Біз музыканың жаңа ағынына ие болдық. Музыка индустриясы өзінің жаңа формасын алуда. Ол бизнесмен, тыңдаушылар және музыканттар үшін жақсы, сәйкесінше музыканы бақылау одан да қызықты, ыңғайлы және жағымды болмақ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.