ТАҚЫРЫБЫ: МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ШҚО,Зайсан ауданы,Зайсан қаласы

Бақытжан Меруерт Тұрысбекқызы

М.Дауленов атындағы мектеп-интернатының

математика пәнінің мұғалімі

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыруоқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады.Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып,шығармашылық белсенділігін арттырады.Оқушылар оқыту барысында білім алады,ал содан соң оны қолдану әрі қарай шығармашылыққа үйлеседі.Математиканы оқытуда сабақтың нәтижелілігі мен оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді іздестіруге көп көңіл бөлінеді.Қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру-тиімді әдістердің бірі.Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып,оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады,осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі,математикалық тілі жетіледі.Мұғалім қызықты жаттығулар арқылы аз уақыт аралығында көлемі жағынан көп жұмыс тындырып,оқушылардың жаңа материалды меңгеруге дайындығын және қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу керектігін анықтай алады.Сабақтың барысында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс.Сабақтың ортасында немесе соңында,балалар жазбашанемесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде,қызықты есептеулер оларды сергітеді,жұмыс қабілетін арттырады.Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелілігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.Ең алдымен оқушылардың зеректілігін,ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек.Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке,тапқырлыққа баулиды.Оқушыны ұшқыр ойлауға,тез шешім қабылдауға дайындайды.Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге өарай көңіл аудару керек.Бірте-бірте ақыл-ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі.Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып,өзіне деген сенімі артады.

 

Мысалы:

«Бір адамнан оның неше баласы бар екенін сұрайды.Жауабы ойланарлықтай болады. «Менің 6 ұлым бар,ал әрбір ұлымда туған қарындастары бар».Осы жанұяда неше бала бар?» Жауабы: 7 бала./ 6 ұл,1 қыз.

Қарапайым логикалық,яғни әр-түрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор.Бұндай есептер оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізері сөзсіз.

Мысалы:

  1. Бірдей жеті бөлке нанды 12 адамға қалайша тең бөліп беру керек?(Бір бөлке нанды 12-ге бөлуге болмайды).Жауабы:үш нанды төрт тең бөлікке бөліп,қалған төртеуін үш тең бөлікке бөліп кесу керек.Сонда әрбір адамға наннан келетіндей 12 тең үлеске бөлінеді.
  2. 1*2*3*…18*19-1*3*…*17*19 айырмасы қандай цифрмен аяқталады?

Жауабы: азайғыш нөлмен,азайтқыш 5-пен аяқталады,онда айырма 5-пен аяқталады.

Зеректікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар екендігін түсіндіру керек.Бұл қиынға түссе де,ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді.

Мысалы:

  1. Ағайынды үш адам бірге тұрмақшы болып үй сатып алды.Үй сатушы үйін тек жылқыға бермекші болды.Сондықтан үйдің құны үшін ең үлкені үш тай,ортаншысы екі тай берді.Жылқысы болмағандықтан кенжелері өз үлесі үшін ағаларына 10 қой берді.Сонда ағалары неше қойдан бөліп алулары керек?

 

Шешуі: Үйдің құнының бір үлесі 10 қой болса,құны 10*3=30 қой.Немесе 3+2=5 тай.Сонда 1 тайдың құны 30/5-6 қой.Үлкені 3*6=18 қойдың құнын төлеген.Ендеше 18-10=8 қой алуы керек.Ортаншысы 2*6=12 қойдың құнын төлеген,ендеше 12-10=2қой алуы керек.

Жауабы: 8;2

 

Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз-оқушының білімін жетілдірудегі,түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процессті айтамыз.Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдары:

 

Ауызша есептеуге үйретудің тәсілдері:

Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып,сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді.Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер,аралық нәтижелердің қалай шығатыны,ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да,оларды жазуға уақыт жұмсалмайды.Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен,олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде математикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет.Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жқмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты.Сабақ балалар үшін қызықты өткенде ,олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып,өз бетінше жұмыс жасап,белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы артады.Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп,математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор.оқудың белсенді әдістерінің бірі-оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.Барлық сабақтардың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі,оны орындауы,тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды,үлестірмелі материалдар,баспа негіздегі дәптерлер,тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет.Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше.Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі-кітапқа,оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру,олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі.

 

Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған,сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады.Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі.Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып,сараптауға болады.Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі.Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады.Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді.Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады.Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін,өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы-жұмыстарды орындау,ептілік,іскерлік,шеберлік дағдысын дамыту.Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

  • Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек;
  • Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек;
  • Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін,творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын,талпынысын оята білуі тиіс.Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек;
  • Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

 

Қорыта келгенде,оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары:

карточкалар,өздік жұмыстар,есептер шығарту,кестелер толтыру арқылы жүзеге асады.Тоқсандық бақылау,өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден,ақыл-ойын таным белсенділігін,екіншіден сабаққа ынталарын,қызығушылығын,үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Оқушылардың белсенділігін арттыруда олардың өздеріне міндеттер жүктеу тиімді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.