Жаңа Қазақстан үшін

Жаңа  Қазақстан үшін…

Қазақстан -өз тәуелсіздігін алған, ешкімге тәуелсіз, зайырлы, унитарлы мемлекет.  ҚР-ның мемлекттік туы мен елтаңбасы 1992жылы бекітілді. Еліміз өз тәуелсіздігін оңай ала қойған жоқ. Ата-бабаларымыз қаншама тер төкті. Ақырында өз тәуелсіздігімізді алып,ықтиярлы  күнге жеттік.  Азат  күндердің  алғашқы жылдарында жоспарлы экономика нарықтық күйге көшу оңай тимеді. Республикалардың әрқайысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Бұқара халықтың жалақысы азақ-түлік алудан артылмады. Көптеген зауыт фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Отбасы қатынастары бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік мәселелер көбейді. Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет  басшылығы ‟алдымен-экономика, содан-соң-саясат„деген жолды таңдады. Менің ойымша, әр азамат азаматша өзінің елінің дамуы үшін аянбай еңбек етіп, тер төгіп, елінің дамуына өз үлесін қосу керек

    Мен Қазақстанның дамуына қалай өз үлесімді қоса аламын?

    Мен Қазақстанның дамуына журналист болу арқылы өз үлесімді қоса аламын.Журналист- жақсы мен жаман жаңалықтарды еш өзгеріссіз халыққа жеткізуші. Тілші-халық жақтаушысы, халық қорғаушысы. Қауым  өздеріне не керегін жоғарыларға жеткізе алмағанын, өткір орақ ауызды тілдерімен жеткізуге  міндетті. Журналистика  тума талант, шешен сөйлейтін, ұтқыр ойлы, жан-жақты болуды, кітапты көп оқуды талап ететін мамандық.

     Мен жұмысымның  қиындығына қарамастан журналист болуды таңдадым. Менің бұл  мамандықты таңдау себебім, дамыған қоғамда адамдарға жаңалықтарды жеткізіп отыратын тілшілерге  зәру. Өйткені журналист-халықты жаңа ақпарат көздерімен таныстырады. Әлемдегі жаңа жаңалықтарды біліп отыруға болады. Мысалы: телефон, теледидар, газет,радиолар арқылы тілшілерден  жаңа жаңалығын біліп отыра алады. Сондықтан жаңалық жүргізушісі  ең маңыздысы.

       Қазіргі таңда телеарналарда бағдарламар  өте аз. Әсіресе жастарға арналған бағдарламалар. Мен Қазақстан журналистика саласын жастарға арнап бағдарлама ашу арқылы дамуына үлес қосамын. Ол бағдарламаның атын ‟жас парасаттылық”деп қоямын. Бұл бағдарламада жастарға арналған түрлі қызықты ойындар, қызық салт-дәстүрлерді дәріптейтін, жастарға жаңашылдық беретін, дамуға мүмкіндік беретін,  дұрыс жол көрсететін, тәрбелейтін іс-шараларды ұйымдастырамын.Жастарға  арнап жаңа бағдарлама ашу менің  мақсатым.   Болашақ жастардың қолында. Сол үшін де  жасөспірімдерге арнайы бағдарламалар ашылуы тиіс. Мен осылайша журналистиканың да Қазақстанның да дамуына үлес қосамын

     Мен журналист болу арқылы ғаламдағы шешілмейді деген мәселелерді шешкім келеді. Репортер мамандығын жаңа деңгейге көтергім келеді. Тілші болу менің балалық шағымнан бергі арманым.

    Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні Қазақстан мемлектінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни бізге тәуелді. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыровтың ‟Басқадан  кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектілердің жолында жұмыс істеу керек“деп ойлаймын

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.