БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ТЕХНИКАСЫН ДАМЫТУ

Болашақ жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың жан- жақты дамып отыруы,жүйелі тәрбиеленуі мектеп пен ата-ана алдындағы міндет. Келешек жастар әмбебап, терең білімді, интелектуалды болып тәрбиеленуі үшін тиімді әдіс- тәсілдерін іздестіруі, шығармашылыққа жетелеуі үшін мұғалімдердің атқарар міндеті көп- ақ. Алдымызға келген әрбір оқушының келешегі үшін қаншама қиындықтарды ата- ана, оқушы, ұстаз болып жеңе білуіміз керек.Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының мектепке дайындығы, олардың мектеп өміріне бейімделуі,біршама қиындықтарға толы. Ойыннан әлі арыла қоймаған баланың алғаш рет мектепке келуі, оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кетуі, оқу барысына тез бейімделуі бастауыш сынып мұғаліміне артылған үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оқушының мектеп өміріне бейімделіп әріптермен, оларды дұрыс жаттап ажырата алуы,әріптерді буындап қосып оқып үйренуі, дыбыстарды ажырата алуы үшін оқушыны қатаң бақылауды қажет етеді. Алғаш бірінші сыныпқа келген оқушылардың барлығы бірдей дәрежеде оқи алмайды. Біреуі оқи алады, ал біреуі әріпті танымайды. Менің өз тәжірибемде, бірінші сыныпты қабылдап алған кезімде, бір оқушым әріптерді толық танымаса, бір оқушым судыратып, жылдам оқи алды. Ал біреулері әріптерді қосып енді буындап оқып жүргендер болды. Біздің түсінігімізде жылдам оқи алатын оқушы берілген тапсырманы өте жақсы түсініп, тез арада орындай алады. Және де өзіне қосымша тапсырмаларды қажет етеді. Біз осындай оқушыларды дарынды оқушылар дейміз. Ал әріпті енді тани бастаған оқушыларды бір немесе екі жылдың ішінде осы дарынды баланың деңгейіне қалай жеткіземін деген оймен көп іздендім, әлі іздену үстіндемін. Кітаптағы әріптерді таныстыра отырып, буындарды оқу- баяу орындалатын әдіс сияқты. Оқушының оқу жылдамдығын арттыратын әдістерді кеңінен қолдану арқылы оқушының оқу техникасын арттыра ала- аламыз. Ең алдымен педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан қазақ зиялысы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін негізге алдым: «Дәстүрлі түрмен мұғалімдермен тексерілетін оқушылардың оқу жылдамдылықтары оқушылардың бойында берілген мәтінді 1 минут ішінде неғұрлым көп оқып шығу деген ұғым қалыптасып қалған. Ал мұғалімнің сен «жақсы оқисың» немесе «жаман оқисың» деген сөзі оқу деңгейін білдіретін ұғыммен сай келеді.Сөйтіп оқушылар жақсы оқу үшін өздерінің алдына мәтінді белгілі бір уақыттың ішінде тез суылдатып оқып шығу мақсатын қойып, мәтіннің не тіліне, не мазмұнына, не кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың идеясына мән бермейді. Соңында оқылған шығарманың мазмұны ашылмай оқушыларда түсініксіздік тудырады.» Бұдан шығарған қорытындым оқушыны жылдам

оқытып қана қоймай, оқыған мәтінді сыни түсініп, кітапты сүйіп оқуға үйрету. Бір зерттеулерге көз жүгіртсек баланы сәби күнінен кітап оқуға баулу оның жүйке жүйесін тыныштандырып, нейрондық байланыстардың дұрыс түзіліп, ми жасушаларының дұрыс жұмыс істеуіне себепкер болады екен. Бірінші оқушыны жылдам оқыту үшін кітап оқу гигиенасымен таныстырып, оны дағдыға айналдырдым. Және күнде сабақтан бос уақытында оқушыларды қосымша сабақтарға шақырып, жекелей буындап оқытуға дайындадым. Сабақ кезінде де, қосымша сабақта да ашық буындарды, жабық буындарды, тұйық буындарды қайталап екі, үш айда жаттап алдық. Бастапқы оқу кезінде дауыстап оқытып, кейін сол оқығанымызды іштен қайталап оқыттым. Бертін келе сөздерді оқып, оны мәнермен оқып үйрендік. Буындап оқу кезінде Нұрсауле Лучиктің «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» кітабын қолдандым. Бұл кітапты күнделікті оқушы оқи отырып, әріптермен танысып, буындарды қосып оқып үйренеді.Күнделікті сабақ уақытында «Буындап оқуға үйрету» кітабын оқытып, үйге кітаптағы өтілген тақырыптың көшірмесін жасатып әр оқушыға бөлек беріп отырдым. Себебі оқыған буындарды оқушы үйде қайталап жаттап алуы керек. Бұл кітаптың ерекшелігі- кітап ішінде тек буындар емес, бір, екі, буыннан жасалған сөздер мен мақал- мәтел берілген. Ал шақырған қосымша сабақтарымда Алпишева Зухра Жанөмірқызының буындап жылдам оқуға арналған «Қызықты тапсырмалар» жинағын қолданып отырдым. Осы уақыт аралығында Айнұр Жүсіптің «Оқу техникасын қалай жақсартамыз» атты сабақтарына қатыстым. Сол сабақтан алған дидактикалық материалдарды сабақ үстінде көрнекілік ретінде пайдаланып отырдым. Осы жасаған іс- әрекеттерімді бірінші жарты жылдыққа дейін жүргізіп отырдым. Нәтижесі өзімді қуантарлықтай болды. Менің оқушыларымның бірінші жарты жылдықтағы оқу техникасының көрсеткіштері жиырма- отыз бес сөз аралығында болды. Екінші жарты жылдықта оқушылардың оқу жылдамдықтарын арттыру үшін «Оқу техникасына арналған мәтіндер» жинағын қосымша пайдаланып отырдым. Қазірдің өзінде осы оқулықты оқушыларды оқыту үшін пайдаланамын. Бастауыш сынып оқушысына жылдам оқудың тағы бір түрі –сыныпты дауыстап оқыту. Мұндай жұмысты орындатқанда жеке- жеке тақтаға шығарып, мәтін беріп дауыстап оқу арқылы оқушының оқу жылдамдығын бақылаймын. Жылдам оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе –күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Жылдам оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Бұл ретте оқушыларға мәтінді хормен де, жеке- жеке оқытып көремін. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды қайта-қайта оқытып отырамын. Ол әрі дұрыс оқуға, әрі жылдам оқуға септігін тигізеді.Осы сынды жылдам оқуға арналған көптеген дидактикалық тапсырмалар мен қызықты шығармашылық кітаптарды қолданып отыруды әдетке айналдырдым. Қазірде оқушыларым мектеп кітапханасының тұрақты оқырмандары. Екінші сыныптың басында оқушыларыма «Ертегілер елінде», «Қазақ ертегілері», «Өнегелі ертегілер», «Әлем ертегілері» сынды тақырыптағы кітаптарды оқытып, қазан айынан бастап «Жаратылыстану қызықтары» , «Табиғат ғажайыптары» сияқты тақырыптағы кітаптарды қосымша оқытып отырмын. Кітапханадан алған кітаптарын бірінші өздері

оқып, бір- біріне баяндап, өзара кітап ауыстырып оқиды. Сөзімді қорытындай келе жоғарыда аталған кітаптар, әдіс- тәсілдер, жаттығулар оқушыларымның оқу жылдамдығын арттырып, оқуға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруда. Оқу процесі кезінде оқушыларымның оқуға зейін қоюы және берілген материалды есте сақтауы, әріптерді ежектемей жылдам, түсініп оқуы мен үшін үлкен жетістік.

Әдебиеттер:

1. «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде» // Нұрсауле Лучик- Алматы, 2007ж.

2. «Қызықты тапсырмалар» // Алпишева Зухра Жанөмірқызы- Алматы, 2011ж.

3. «Оқушылардың оқу техникасын дамыту» // Ш.Сәтиева- Ұлағат, 2004 ж

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *