Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым-мақтанышым

 

Мамандық таңдау адам өміріндегі ең бір маңызды шешім.Көп адам жасөспірім кезде бір    тоқтамға келіп,алға мақсат қоя білуі де қиын.Біреулер туылғаннан маңдайына жазылзған ата-анасының жолын таңдап,жалзғастырғысы келеді.Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен,оған немқұрайлы қарап,жеңіл ойлы болмау керек. Бала кезден өз ынтасына қарай мамандық таңдай білуге үйрене беруі керек.

Мен де мектеп қабырғысында  5-6-сынып оқып жүрген шағымда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Жанұзақова Венера деген апайымның сабақ бергеніне қарап қатты қызығатынмын.Сол кісінің сыныпқа кіргенінен бастап сабақ түсіндіргенін,оқушылармен қарым-қатынасын мұқият қарап отыратынмын. Мамандық таңдау жайлы шығарма жазсақ болды мұғалім боламын деуші едім.Үйге келіп сол апайымның жасаған іс-әрекеттерін қайталап,сол апайдың мәнеріне салып өзімнен кішілерге солай сабақ үйрететінмін.уақыт өте мектеп бітірген соң ешқандай  ойланбастан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім болуды шештім.

Қазіргі кезде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Балаби ауылындағы «№50 Абай атындағы орта мектебі»КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Мамандығымды  бала кезден жақсы көріп таңдаған соң, ерекше жақсы көріп, бар ықыласыммен істеймін.

«Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.» -деп  Абай атамыз айтпақшы, балаға бар білгеніңді үйретіп,тәрбиелеп, ақылыңды айтып жөнге салып отырудың өзі бір ғанибет емес пе? Әр сабағыңды жүйелі,мәнді,мағыналы, түсінікті етіп өткізіп,оқушыларың сол сабақтан нәтежие шығарып жатса ол да ұстаздың жетістігі. Шәкірттеріңнің жетістігін көріп,биік белестерді бағындарғанын көруден артық ұстазға бақыт бар ма? Елінің ертеңін ойлайтын ұлтжанды,саналы  ұрпақ тәрбиелеп өмірдің бәйгесіне  қосудың өзі ұстаздың еңбегінің жемісі деп білемін. Шопан да, әкім де,қарапайым құрылысшы да,ел билейтін шенділер де бәрі-бәрі ұстаздың алдында отырып білім алады Мен де өзім оқытып жатқан шәкірттерім үмітімді ақтап, ел сүйген азаматтар болады  деп сенемін. Мамандық таңдауда еш қате таңдау жасамағаныма қуанамын.Себебі, бұл менің өмірім, менің таңдауым, менің тағдырым. Таңдаған мамандығымның арқасында алға қойған мақсатым, мені алға жетістіктерге жетелейтін жұмысым бар. Ол  үшін маған бала кезден үлгі бола білген Венера апайыма алғысымды айтамын.

Еліміздегі ұстаздар қауымына жасалып жатқан зор құрметтерге, әлеуметтік жағдайларына  қолдау шаралары жоғарғы деңгейде жұмыс жасалып келеді.Бұл көңілімізді қуантып, өз жұмысымызға деген шабытымызды қамшылай түсері анық.

Менің таңдаған мамандығым-менің мақтанышым.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.