Сапалы білім — жақсы маман кепілі

Сапалы үйді тұрғызу үшін, оның іргесі жақсы қалануы тиіс. Біздің де жарқын болашағымыз, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қолында. Жақсы маман иесі атанып, еліңе адал қызмет ету – орындалуы тиіс мақсаттардың бірі. Жақсы маман — сапалы білімнің нәтижесі. Ал сапалы білім –мектеп қабырғасынан бастау алып, жоғарғы оқу орнымен жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары.
Жоғарғы оқу орындар бойынша,
бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім қызметін жасайтын жоғарғы оқу орны — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 1996 жылы құрылған атаулы университет Қазақстан Республикасының ең жас білім ордаларының бірі.
Бүгінгі таңда ҚазҰу-да ғылыми және гуманитарлық бағыт бойынша 14 факультет, 62 кафедра және 7 департамент жұмыс істеуде.
Иә, дәл осындай ауқымды жоғарғы оқу орнында білім алу менің де арманым болған. Зейнолла Қабдоловтың “Менің Әуезовым” роман эссесін осыдан 4 жыл бұрын оқыған едім. Атаулы шығарма мені ҚазҰУ-ға одан әрі ғашық етті. Бар ойым Зейнолла секілді қайратты да зерек студент атану болатын. Жазуға жаным құмар мен жазушы болуды жиі армандайтынмын. Дәл осы арманым мені үлкен ізденіске жетеледі. Елімізде журналистика мамандығы бойынша білім беретін оқу орындарын зерттей келе Әуезовтай ұстаз, Зейнолладай шәкіртке ие ҚазҰУ-ды ойламау мүмкін болмады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып табылады. Алғашында Қазақ Комунисттік журналистика институты болып құрылған. Журналист десе, тек теледидардағы дикторлар есіне түсінетін мен журналистика бойынша 5 мамандықтың атаулы ҚазҰУ-да оқытылатынын құжат тапсырарда бірақ білдім.
Иә, біз ойлағандай журналистика саласы оңай сала емес. Ал журналист болу үлкен жауапкершілікті қажет ететінін түсіндім. Журналистика факультетінде оқытылатын мамандықтың бірі — баспа ісі деп аталады. Яғни, кітаппен үлкен байланысы бар мамандық.
Менің таңдауым да осы мамандық еді. Өзгені білмеймін, бірақ өз өмірімді білім мен қиялдың шекарасына табыстырған кітапқа айтар алғысымды жазып көрсету мүмкін емес.
Әлі есімде, атамның том-том кітаптарын көріп:
— Ата, 1 кітапты жазып шығару үшін 1000 күн керек пе?- деп, атамды сұрақтың астына алушы едім. Шыныменде, 1 кітаптың өзі үлкен еңбек пен асқан шыдамдылықты және жақсы маманның қажет екенін енді түсінгендеймін. Иә, кітап әлемі біз бен сіз ойлағандай оңай емес.Оқуға түскелі кітап сатып аларда біраз ойланатын болдым. Бұрын: «кітаптың бағасы неліктен қымбат»- деп біраз ашуланушы едім. Қазір үлкен еңбектің жақсы бағаға саудалануы дұрыспа деп те қаламын.
Баспа ісі — жалпы кітаптың шығуы, маңызы және тарихы.
Статистикалық мәлімет бойынша елімізде кітапқа құмар адамдардың саны 17 пайызды ғана құрайды. Оның басым көпшілігі зейнеткерлер мен оқу орындарының студенттері. Ал, әр адамның жарты жылда сатып алатын кітабы орта есеппен 3,7 пайыздан аспайды екен. Біздің мамандықтың да бар мақсаты — кітапқұмар жандардың санын, сапалы кітап шығару арқылы көбейту. Бүгінде бұл мамандық бойынша білім алып жүрген студенттердің көрсетіп жүрген нәтиежелері де аз емес. Білікті ұстаздар мен ұйымдастырылып жүрген әр түрлі байқаулар бізге беріліп отырған таптырмас мүмкіндік.
Мамандық таңдау — өмірдегі ең маңызды шешім, мұқият таңдау керек. Ал жақсы маман атану — сапалы білім ұсына алатын жоғарғы оқу орнынан бастау алады. Қорытындылай келе, мына өлең жолдарын айтқым келеді.
«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!»

Қорғанбай Аяулым
Сембекова Қарашаш
Мауит Ләззәт

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *