Мазмұнға өту

Журналистиканың болашағы бар ма?

Асемай Макуова 2 мин оқу 47 оқылым

Соңғы жылдары Қазақстан кәсіби журналистерге мұқтаж екені байқалады. Елімізде журналист мәртебесінің төмендегенінен жыл сайын өз ісінің шеберлері басқа салаға кетуге мәжбүр. Халық арасында «төртінші билік» аталатын бұл салада тіпті журналистиканың мәнін түсінбейтін жандардың жүруі қынжылтады.

Алдымен мамандардың жетіспеушілігіне тоқталып өтейік. Бұл мәселенің бірден-бір себебі — жалақының аздығы мен жұмыстың көптігі. Ақпарат жинау, өңдеу, шынайылығын тексеру, халыққа жеткізу — журналист міндеті. Алайда 2019 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан журналистінің орташа жалақысы 80-100 мың аралығы. Халық пен үкімет арасында алтын көпір аталатын жандар еңбегі жоғары бағалануы тиіс деп ойлаймын.

Менің ойымша, мамандар жетіспеушілігінің тағы бір себебі — сапасыз білім. «Тәрбие тал бесіктен» — демекші, журналист маманын дайындайтын бесік — жоғары оқу орны. Дегенмен, сөздің шындығы, көптеген оқу орындарында сабақ беретін кей үлкен кісілер заманауи журналистикадан бейхабар. Журналистикаға күннен-күнге жаңа техника мен ақпарат таратудың жаңа әдіс-тәсілдері еніп жатыр, сондықтан жасы келген оқытушылар өз заманында алған білімін студенттерге беріп, соның нәтижесінде, студент заманауи журналистиканың не екенін түсінбей кетеді. Әрине, көпті көрген аға оқытушылардың тәжірибесі ауадай маңызды, бірақ практика жүзінде қызмет етіп жүрген маманнан білім алған бөлек.

Тағы бір қарастыратын мәселе — «журналист» атын жамылған өнер адамдары мен блогерлер. Бір өкініштісі — атағы мен лауазымын пайдаланып, шынымен журналист болуға лайықты мамандардың орнын «тартып алуы». Журналистің басқа сала мамандарынан айырмашылығын білесіз бе? Нағыз журналист бейтарап болады. Бұл — оның ерекшелігі. Блогер өз ойын білдірсе, әнші бір жақты қолдар, ал журналист ақты ақ, қараны қара деп, фактпен сөйлейді.

Қазіргі бір түсініксіз жағдай — журналистика факультетін бітіргендердің бәрі журналист болып кете алмайды. Неге математиканы оқыған адамның мектепте математика пәнінің мұғалімі болуға мүмкіндігі бар? Неге журналистика бәрін құшақ жая қарсы алмайды?

Қазақ журналистика тарихындағы ауыз толтырып айтуға лайықты оқиға — 2021 жылы ҚР Парламент Сенатының отырысында «журналист мәртебесі туралы заң қабылдау қажет» деген депутат Нұртөре Жүсіптің ұсынысы. «Төртінші билік» ұғымы тек халық арасында емес, заң жүзінде бекітіледі деген үміт барлық БАҚ өкілдерінің жүрегіне ұялады.

Қорытындылай келе, қазақ журналистикасы әлі де даму үстінде екенін аңғаруға болады. Журналист мәртебесін көкке көтеретін де, құздан құлататын да халық. Көпшілік журналист қызметінің маңызын түсінсе деймін. Өкінішке қарай, журналист мәртебесі «жаңалық окитын адам» мен «сұхбат алатын адам» арасында тұрып қалды. Бұл мәселелерді шешу үшін БАҚ қызметкерлерін заңнамалық деңгейде қорғау, қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету жане білікті кадрлар дайындау қажет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Асемай Макуова

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Несие тарихы: «қара тізімнен» шығуға бола ма?

«Несие», «депозит», «пайыз» және «сыйақы мөлшерлемесі» сияқты терминдер көпшіліктің сөздік қорында өз орнын тапты . Біздің елде несие қармағына түсіп, белшесінен қарызға батқандар аз емес. Несие дегеніміз – белгілі бір…

Асемай Макуова 27 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Білім бақытқа апара ма?

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалды білмейтін жан жоқ. Әрине, жоғары білімі мен қызыл дипломы бар жанның жақсы қызметте істеуге, жоғары жалақы алуға мүмкіндігі бар. Білімнің шегіне жету мүмкін…

Асемай Макуова 32 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Журналистиканың болашағы бар ма?

Соңғы жылдары Қазақстан кәсіби журналистерге мұқтаж екені байқалады. Елімізде журналист мәртебесінің төмендегенінен жыл сайын өз ісінің шеберлері басқа салаға кетуге мәжбүр. Халық арасында "төртінші билік" аталатын бұл…

Асемай Макуова 67 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин