Мазмұнға өту

«Журналист» – ұлылар қолтаңбасы, бабалар жолы, даналар ізі

Дана 1 мин оқу 28 оқылым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті –«Журналист боламын!» деп жалындап тұрған жас өрендердің қанатын қатайтып, биікке самғауына зор мүмкіндік сыйлайтын еліміздегі жалғыз қара шаңырақ. Өйткені, қара шаңырақ студенттерге терең білім берумен қатар, журналистиканың басты қағидасы – сауатты жазуға шыңдайтын шеберлік мектеп. Оған дәлел – 30 жылдан астам ғұмыры бар студенттердің оқу-тәжірибелік «Журналист» газеті. 

«Журналист жаза білуі керек. Жақсы жаза білген журналист, жақсы сөйлей де алады»,- деп жатамыз. Студенттердің шығармашылық қадамдарының негізінде әлі күнге дейін шығып тұрған «Журналист» газетінің де мақсаты – студенттерді жақсы жазуға машықтандыру. Студенттердің шығармашылығын өрлететін мұндай газетті еліміздің басқа оқу орындарынан таба алмайсыз. Себебі, мұндай басылым тек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғана бар. Бүгінгі таңда біз үлгі тұтып жүрген атақты журналистердің өзі алғашқы қадамдарын «Журналист» газетінен бастаған. Аталмыш газет Журналистика факультетінің 1-курс студенттерінің шығармашылық негізінде әлі күнге дейін тыныстап тұр. Шығармашылық жолға жетелейтін «Журналист» газетінің биыл 2 нөмірі жарық көрді. Газеттің 15 жылдан бергі редакторы болып келе жатқан Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Римма Серікәліқызы Жақсылықбаеваның жетекшілігімен студенттер де газеттің шығуына белсенді түрде араласты. Жауапты хатшы әрі дизайнерлері Журналистика факультетінің 1-курс студенттері Алибек Таңнұр мен Аман Ақнұр болып, бір жағынан газеттің жарыққа шығуына белсене атсалысты, екіншіден, өмірлеріне қажетті мол тәжірибе жинақтады. Бұдан бөлек, газет бетіне өлең, мақала жазу арқылы бәріміз де жазуға төселіп, қаламымыз машықтанды. Студент кезден үлкен мақсатқа жетелейтін «Журналистің» әр қадамына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да өз тізгінін үзбейді деген сенімдеміз.

                                                                                    САДЫРҚАН Дана,

                                                                                    Журналистика факультетінің 

                                                                                    1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Дана

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ЭКСКЛЮЗИВ: Отбасым үшін журналистиканы тастадым.

Қара шаңырақтағы отбасы бақытын сақтау үшін ежелден қолданылатын отбасылық құндылықтар бар. Бұл құндылықтардың басы мансап немесе отбасы алдындағы таңдаудан басталады. Шаңқай түстің мезгілі еді. Факультеттен…

Дана 27 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

«Журналист» – ұлылар қолтаңбасы, бабалар жолы, даналар ізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті –«Журналист боламын!» деп жалындап тұрған жас өрендердің қанатын қатайтып, биікке самғауына зор мүмкіндік сыйлайтын еліміздегі жалғыз қара…

Дана 29 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

“Қазақстан әйелдері” журналындағы ерекшеліктер

Мына дүниеде бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербете алатын жалғыз жан бар. Ол – әйел-ана. Әйел-ана – отбасының жүрегі, алтын діңгегі. Ежелгі заманнан-ақ, ата-бабамыз әйел затын жоқтан бар ғып өсіретін, ұрпақты…

Дана 173 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин