Мазмұнға өту

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін...

Бекенова Аружан Жандосқызы 2 мин оқу 380 оқылым

Талғар ауданы Еркін ауылы
«№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ
11 «Ә» сынып оқушысы
Бекенова Аружан Жандосқызы

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін...
Менің туған жерім – бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан, ынтымақ пенен достықтың мекені. Оның сарқыраған өзені мен көлдері, жайқалған жасыл шөп пен ормандары, асқар таулары, сайраған құстары,– осының бәрі, көз тоймас табиғаты, менің жаныма жақын, әрі ерекше ыстық.
Адам шыр етіп дүниеге келегеннен-ақ, оқ атылмаған таудың саф ауасын жұтып, бейбіт заманда өскен әр адам туған елім, кіндік тамған жерім деп, еркін өседі. Осылайша, Отанына, еліне, жеріне деген ризашылығы, махаббаты мен сүйіспеншілігі оянады.
Туған жер, осы сөзді естігенде жаны елжіремейтін бірде-бір адам жоқ шығар деп ойлаймын. Неткен киелі жер едің! Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан! Мен бұл сөзді аса бір мақтанышпен және асқақ сезіммен айта аламын. Қазақстан – ол біздің ортақ және кең байтақ, ата-бабамыздан қалған мекен иелігіміз. Қазір біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен табандылығының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осыншалықты қиыншылықпен келген тәуелсіздігімізге бүгін де 27 жыл толып отыр. Еліміздің дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір мен әлі бала болсам да, менің еліме, жеріме, Қазақстаныма деген жоспарларым өте көп және мен оны жүзеге асыруға бар күшімді саламын.
Мен Қазақстанда өмір сүрген әр жанды бақытты деп айта аламын. Себебі, оның жері қазынаға бай және 130-дан астам ұлт өкілі бейбітшілікте өмір сүруде. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы біздің еліміздің басты байлығы деп ойлаймын. Ол әрине, әу заманнан қазағымның өз жері секілді кеңдігінің, жомарттығының арқасы.
Туған жер. Туған ел. Осы екі ғана “туған” және “жер” сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, ата-бабам дүниеге келген жер. Туған жердің тағдыры өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты, сондықтан туған жерімде теріс пиғылды шетелдік азаматтардың талтаңдап жүргенін де қаламаймын.
Мен өз Отанымды, туған жеріміді, құдіретті елімді сүйемін.
Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады» деп айтқан. Қыз да болсам, ер азаматтай жерімді алакөздерден қорғап өтемін. Ал патриоттығымды білдіру үшін өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қоссам деп ойлаймын.(302 сөз)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Бекенова Аружан Жандосқызы

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін..

Талғар ауданы Еркін ауылы «№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ 11 «Ә» сынып оқушысы Бекенова Аружан Жандосқызы Жастық-болашақ атаулының бастауы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ешқашанда жастарды назардан тыс…

Бекенова Аружан Жандосқызы 461 оқылым 1 мин
Қазақ әдебиеті

Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін...

Талғар ауданы Еркін ауылы «№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ 11 «Ә» сынып оқушысы Бекенова Аружан Жандосқызы Туған жерін сүйе алмаған,сүйе алар ма туған елін... Менің туған жерім – бірлігі мен бейбітшілігі…

Бекенова Аружан Жандосқызы 561 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің жетекші күші – жастар

Талғар ауданы Еркін ауылы «№26 жалпы білім беретін орта мектебі»МКМ 11 «Ә» сынып оқушысы Бекенова Аружан Жандосқызы «Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің жетекші күші – жастар» Қазақстан бүгінгі таңда…

Бекенова Аружан Жандосқызы 506 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин