Мазмұнға өту

Тәрбиеші-бала жанының бағбаны

Ақерке 2 мин оқу 39 оқылым

Тәрбиеші – бала жанының бағбаны.

Бала тәрбиесі басты байлығың,

кешіксең көретінің қайғы мұң.

(А. Құнанбаев )

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» демекші, бала тәрбиесіне сонау ерте заманнан бері аса қатты көңіл бөлген. Баланың айнасы ата –ана. Әкенің күшімен, Ананың сүтімен келетін мінезге нәр беріп, дұрыс бағдар беру арқылы баланы тәрбие жолына бұрамыз. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі, өсір келе жатқан өскелең ұрпақтың базіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі, өсір келе жатқан өскелең ұрпақтың білімінің тереңдігімен, тәрбиесінің көркемділігімен өлшенеді. Білімді, тәрбиелі, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы десе де болады.

Менің мамандығым – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Менің мамандығым баланы тәрбиеге үйрете отырып , білім нәрімен сусындату. Баланы тәртіпке баулу жолында алғашқы қадамдар таныстық пен дұрыс жоспар құрудан басталады. Бөтен ортаға келген бүлдіршін, жатырқап,таңырқап келетіні рас. Сол баланың бойындағы қорқыныш пен күдікті сейілтуіміз қажет. Білім беру барысында жүйелі күн тәртібін енгізе отырып, тәртіп пен білімнің баспалдағына шыға бастаймыз. Өз отбасында еркелікке бет алған бала оң-солын ажыратып тәртіпке бағын бастайды. Бұл жолда да ата-ана мен баланың жүрегінен орын ала білу, ата –ананың қорқынышын басу маңызды. Ата бабамыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айткандай болашақ біздің қолымызда. Балапандарға дұрыс тәрбие берсек, шыңға шығар баспалдақтың алғашқы текшелерін құруға атсалыссақ, соның өзі біз үшін үлкен мәртебе. Луций Анней Сенека айтпақшы «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз».

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтың алға қойған мақсат-міндеттері мен педагогикалық ұстанымы болуы қажет. Менің ұстанымым өз қалауыммен таңдаған мамандығымды абыроймен алып жүру, жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші жай ғана мамандық емес. Ол –адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, соған қосар үлесімде. Баламен ойнасаң дүниедегі болып жатқан бар дүниені ұмытып кетесің. Тәлім алу барысына мен еркіндікке жол беремін. Баланың өзін еркін сезінуі оның бәрін білуге деген құлшынысы мен талпынысын арттырады.

Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы – тәрбиеші болғаныма мақтанамын. В.О.Ключевский сөзін еске алсақ «Ұстаз болу жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек». Мен өз ісімді, мамандығымды жақсы көремін.

Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Сөз соңын ұлы ақын,ағартушы, философ А.Құнанбаевтың сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Шымкент қаласы

ЖШС «Аубанур», «4kids» логотипі бар

бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пәрімбекова Ақерке Серікқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ақерке

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Журналистика - мен таңдаған мамандық

Журналистика - мен таңдаған мамандық Қазіргі таңда қоғамда дамып жатқан біршама мамандық түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтуымызға да болады. Яғни, әр адам өзінің қызығушылығына, бойындағы…

Ақерке 44 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Журналистика - мен таңдаған мамандық

Журналистика - мен таңдаған мамандық Қазіргі таңда қоғамда дамып жатқан біршама мамандық түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жіктеп айтуымызға да болады. Яғни, әр адам өзінің қызығушылығына, бойындағы…

Ақерке 59 оқылым 2 мин
Университет

Теңізге қарсы соғысқан Голландия

Сейдалы Ж.Е. Қазыбек би атындағы 36 жалпы орта мектебінің 9 А сынып оқушысы Жетекшісі: Мусабекова А.Т. Ө.Жәнібеков атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Резюме Вся современная история Голландии –…

Ақерке 33 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин