Мазмұнға өту

«Тәрбие – тал бесіктен»

Барақ Назира 1 мин оқу 140 оқылым

Тәрбие –тал бесіктен… Осы үш сөздің түпкі негізінде қанша мағына, қаншама тәрбие жатыр. Тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі,үлгісі, әдет – ғұрыпы мен рухани байлығы. Тәрбиелі жанның алдынан көптеген есіктер ашылары сөзсіз. Тәрбиелі адам  кез-келген ортада өз орнын таба біледі. Тәрбие отбасынан, ата-анадан басталады. Ұрпақтың тәрбиелі болып қалыптасуына  отбасының тигізер әсері мол. Ата-ананың ең басты қызметтерінің бірі –  өнегелі тәрбие беру.Баланың дүние есігін шыр етіп ашқаннан бастап тәрбие басталады. Содан да болар, тәрбие тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаса керек.

Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеумен бірдей екендігін ұғынып, қызды қырық үйден тыйыммен тыя білген. Осыдан келіп, қазақтың қызы ибалы, ізетті, иманды болған.Адамның баласының тәрбиесі өзінен емес. Ең алғаш адам көзін ашқанда-ақ оның әке-шешесі оған жүруді, сөйлеуді үйретіп,дұрыс азамат болып қалыптасуына ат салысады. Ал сол тәрбиенің тамырын бойымызға сіңіру қашанда өзімізге байланысты. Жалпы алғанда, бала тәрбиесіне көптеген дүниелер әсерін тигізеді: отбасы, қоршаған орта, білім ордалары, қоғам және жалпы ондағы мәдениет. Яғни, отбасында берілетін тәрбие балаға жеткіліксіз. Сондықтан, ата-анадан бөлек мектебі, достары, ағайын-туыстары, тіпті қоғам жауапты болып табылады. Кейде жөнсіз іс-әрекеттерді көрсек, «заман өзгерді» деп ой түйеміз. Өз мойнымызға жауапкершілікті алудан қашқақтаймыз. Бұдан келіп шығатын қорытынды: баланыі тәрбиесі – адамзаттың  ортақ ісі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ халқының сөздерінде үлкен астарлы мағыналар біраз ой түйдіреді. Тәрбиесіздікпен алынған білім - адамның қас жауы. Бірақ, ешбір  орта жанұяңнан, ана мен әкеден алған тәрбиені алмастыра алмасы сөзсіз. Егер ата-бабаның ізімен, ананың жылулығымен берілген қасиеттері мол, ізетті ата-ананың тәрбиесін көрген жас буындар көп болатын болса, онда болашағымыздың жарқын болары  деген сөз.Болашағымыз айқын болсын десек, тәрбиемізді тал бесіктен түзейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Барақ Назира

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Тәрбие – тал бесіктен»

Тәрбие –тал бесіктен... Осы үш сөздің түпкі негізінде қанша мағына, қаншама тәрбие жатыр. Тәрбие дегеніміз – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстайтын өнегесі,үлгісі, әдет – ғұрыпы менрухани байлығы.…

Барақ Назира 417 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин