Мазмұнға өту

Тәрбие-отбасынан басталады

Мөлдір 1 мин оқу 597 оқылым

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы; ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын  біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналды. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек.

Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесіне өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасындағы өмір сүре білуге үйрету. Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мөлдір

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

Бабажанова Мөлдір Балтабайқызы, Мектепалды даярлық сыныбы «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «А.С. Макаренко атындағы №6 орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен»…

Мөлдір 40 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Миссия

Сейдахметова Мөлдір Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. 4курс студенті.Журналистика және Жарнама бөлімі. Миссия Балалық шақ, Орта жас, Жастық шақ және қарт кезең.Адамның өмірі…

Мөлдір 38 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Тұран университеті Мақала Тақырыбы: «Журналистің қызметі қаншалықты еркін?» Орындаған: Медетбек М.М. Топ: Журналистика-3 Алматы 2022 жыл Журналистика ғылымында…

Мөлдір 33 оқылым 6 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Отбасы ол өмір баилығы сенің туған қарындас ағаң и әпкең ия отбасы да жеке мәселелер қозғалады отбасы мен кешкі ас ішу және отбасымен бірге қыдыру табиғат аясына шығу секілді және т.б отбасы да бірлік татулық ынтымақ…

Қалиасқар Елдина 41 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Салем дос ! Иә біздің көтеріп отқан мәселеміз дос ол сіздің жанашырың қолдаушың және ең жақын досың иә әр адамда өзінің сенетін досы болады дос деген өміріңде қымбат адам дос ақшаға байлықа сатылмайтын алтын қазына…

Қалиасқар Елдина 42 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 60 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

«Ауылдың тыныс-тіршілігі» Кіріспе Ауыл – қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің негізі. Ауылдың тыныс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан ауыл өмірі экология, экономика, және әлеуметтік қатынастардың…

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин