Мазмұнға өту

Тағы да жер жайынан

Абзал Амангелді 2 мин оқу 16 оқылым

Қазақтың ұлттылығы, азаттығы, еркіндігі үшін, ұлт жанашырлары ерең еңбекпен адал қызмет атқарғаны, мына бізге өскелең ұрпақ, жас буынға мәлім, айқын дүние. Алаш зиялыларының басты мақсаты, арманы қазақ елінің тәуелсіз өз жерінде жүріп, өз тілінде сөйлеп бақытты ғұмыр кешуі еді. Бұл сөзге дәлел ретінде Алаш зиялыларының ерең еңбектерін қарастыра аламыз.
Алайда Алаш зиялыларының еңбек жолында көрген әділетсіздіктері көп болды. Отарлық саясатқа қарсы жүргізілген күрес газет - журналдарға мақала жинақтары болып шықты. Соның ішінде 1911 жылдың қаңтар айында жарық көрген «Айқап» журналында өзекті, кең етекті мәселелер жарияланды. Қазақ елінде жүріп жатқан геноцид, отарлық Ресей империясының дистопиясы мен әділетсіз идеологиялар т.с.с. Өзекті де ауқымды мәселелерді дөп басып өткір жаза білген. Соның ішінде жер мәселесі басты сипатты алған болатын. Шырайлы қазақтың жерін Ресейден қоныс аударып келген мұжықтарға, оңды солды бөліп берген еді. Сол мұжықтарға 15 десятина (қазіргі саналыммен 16,35 гектар) құнарлы жерден үйлестіріп бергенді. Осы жер мәселесін 1911 жылдың сәуірінде №4 санында Ахмет Байтұрсынұлы «Тағы да жер жайынан» атты мақаласында талқыға салды. Бірақ та атын толықтай жазбай тек «А.Б» деп жариялаған болатын. Оған себеп цензура болды.
«Қазақ осы күнде қалың орманға кіріп адасқан адам секілді, қалай жүрсе жөн боларын білмей дағдарған кезі» деп бастау алған мақалада, қазақ халқының сол кездегі не істеп, не қоярын білмей дағдарған күйін жеткізеді. Кәсіби білімнің болмағаны ма, әлде интеллект тұрғысында заманауи өзгерістерге үйлесе алмауының кесірінен бе, сол кездегі жұртшылық өздігінше шешім қабылдай алмай, біреудің үнімен, ойымен жүре берген. Ахмет бұл мақалада онсызда аз қалған айаулы жерді алып қалудың һәм жолын ұсынады. Ол «урбанизация». Яғни сол айаулы жерлерге қала салу. «Бұл қала салу деген сөз, қазақтың бәріне айтқан емес, егін салып күн көрерлік жері бар қазақтарға айтылған сөз» деп, шама шарқысы жететін бюрократиялы – авторитарлы қауымға үндеуі. Халықты қала салуға шақырудың басты бір идеясы мен мақсаты ол, аз да болса қалған айаулы жерді сақтап қалу. «Жақсы жерге жиылып қала салсаң, сен неге салып жатырсың дейтін һеш кім жоқ, қазақ қалаған жеріне қала болып отырса, мешіт – медіресе салса, қаланың маңайыңдағы егіндік жерлерді өлшетіп планға түсірсе, өлшеген жер артылмай көп болып отырса, қалаңды бұзып, мешітіңді қиратып, жеріңді ала қоймас» деп басты, әрі негізгі идеяны ұсынады. Бұл мақала сол кездегі қазақ халқын байырғы бос ұстайтын гадетінен айырылу мақсатында, әрі заңменен ақыл ой арқылы өзінің аманатын ұстап қалуды көздеген еді. Сонында аңғау адамды, жаманды ретін тауып кім жем қылмайды, жеріңді сақтау үшін ақылға келуге, заманның үрдісіне қарама қарсы дамуға шақырады.

Амангелді Абзал

Ғылыми жетекшісі:

Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Абзал Амангелді

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы «Тіршілік» газеті

Бүгінде бір ғасыр жеті жылды өткерген «Арқа ажары» газетінің тарихы «Тіршіліктен» басталған болатын. 1917 жылы Ақмола қаласында Сәкен Сейфуллин негізін өзі қалап шығарған «Тіршілік» газеті, қазір Көкшетау қаласында «Арқа…

Абзал Амангелді 50 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы «Тіршілік» газеті

Бүгінде бір ғасыр жеті жылды өткерген «Арқа ажары» газетінің тарихы «Тіршіліктен» басталған болатын. 1917 жылы Ақмола қаласында Сәкен Сейфуллин негізін өзі қалап шығарған «Тіршілік» газеті, қазір Көкшетау қаласында «Арқа…

Абзал Амангелді 93 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Тағы да жер жайынан

Қазақтың ұлттылығы, азаттығы, еркіндігі үшін, ұлт жанашырлары ерең еңбекпен адал қызмет атқарғаны, мына бізге өскелең ұрпақ, жас буынға мәлім, айқын дүние. Алаш зиялыларының басты мақсаты, арманы қазақ елінің тәуелсіз өз…

Абзал Амангелді 34 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин