Мазмұнға өту

Сөз тіркесі

Bilimger Media 2 мин оқу 852 оқылым

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз тіркесі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Білімділік: оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктеріне сүйене отырып, сөз тіркесімен таныстыру. Сөз тіркесінің түрлері туралы алғашқы түсінік беру. Сөз тіркесін құрастыра отырып, олармен сөйлем құрауға дағдыландыру;
Дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқушылардың топпен жұмыс істеу, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ойын құралдары, деңгейлік тапсырма, үлестірме қағаздар, ереже, т.б.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.

Үй тапсырмасын сұрау

Тест жұмысы.

1)    Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан көп сөздер тобын .................. дейміз.

а) сөйлем мүшесі

ә) сөз тіркесі

б) күрделі сөз

2) Сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын сызба түрінде көрсет

а) сыныптың тазалығы жақсы

ә) жетінші пәтерде тұрады

3) Берілген сөз тіркесін толыққанды етуге жетпей тұрған граматтикалық тәсілді тауып, сөз тіркесін толықтыр.

Жақсы.... сөзі, ғалым... хаты, жүн.... тоқу.

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтау
«Тіркесін тап» ойыны
Кодоскопта жазылған сөздерге ауызша тіркестерін тапқызу.
Өзен,төсек,көбелек,
«Ойлан тап» ойыны
Карточкалармен жұмыс.
Сұрақтар:
1.Отан туралы мақал айт.
2.Қазақтың үш биін ата.
3.Бишілер сөзін сөз құрамына талда
4.Қазақстанның жер көлемі қанша?
5.Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?
6.Өзім сөзден тұрамын,аяқталған ойды құрамын.
- Қандай сөз шықты? (Республика күні)
- Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды?
- Қазақ КСР-і қай уақыттан бастап Қазақстан Республикасы деп атала бастады?
- Тәуелсіздікке байланысты қандай өлеңдер білесіңдер? (жатқа айтқызу)

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс

«Кім шапшаң?» ойыны
Ол үшін үлгі бойынша сөз тіркесін құрау керек.3 қатарға бөліп ауызша өткізу.
Зат есім+етістік
Сын есім+зат есім
Сан есім+зат есім

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин