Мазмұнға өту

Серке газеті: Қиын сәттердегі шындықтың жаршысы

Asem 2 мин оқу 101 оқылым

"Серке" газеті – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алған басылымдардың бірі. 1907 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген бұл газет қазақ интеллигенциясы мен ұлт-азаттық қозғалыстың рухани серпілісіне ықпал еткен маңызды ақпарат көзі болды.

"Серке" газетінің шығу тарихы: «Серке» газеті ресми түрде «Ульфат» атты татар тіліндегі газетке қосымша ретінде шыққан. Ол Петерборда (Санкт-Петербург) басылған. Бас редакторы- татар қайраткері Ғабрашид Ибраһимов. Газет бір ғана нөмірмен шектеліп, сол кезде патшалық Ресейдің саяси цензурасының салдарынан екінші нөмірі тәркіленген.

Газеттің өмірі қысқа болғанына қарамастан, «Серке» қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды және сол кездегі ұлттық сана-сезімді оятуда маңызды үлес қосты.

Құйрықты жұлдыздай, ғұмыры қысқа “Серке” газетінің атауын естігенде, «неге бұндай атау берілді?» екен деген сұрақтың көкейде туындайтыны анық. Ал оның себебі, біз ойлағаннан да терең, теңіз түбіндегі асыл тастай мағына жатыр. Малдың үлкен үйірін ешкілердің бастап келе жатататыны, жайлауда көз көрген көрініс. Ал сол ешкілердің, барлық төрт түліктің көшін ешкінің серкесі бастап келеді. Біз аса назар аудармайтын көрініс, газеттің осылай аталуына мұрындық болып отыр. Яғни, қазақтың жастары сауатты, білімді, көкірек-көзі ояу, жаңашыл, өзге елдермен терезесі теңесіп, тіпті көш бастап, алдыңғы қатарда жүрсін, санасында сәулелі ойлары, жүрегінде ұлтына махаббаты болсын, деген астарда қойылған атау. Бір сөзбен айтқанда, “Қазақ жастары-барша әлемнің, білім-ғылым көшін бастасын” деген мақсат болған.

"Серке" газеті алғашқы сандарында халықтың құқықтарын қорғауға, ұлттық сана-сезімін оятуға арналған мақалалар жариялады.

Газеттің негізгі мақсаты – патшалық Ресейдің қазақ халқына жүргізген отаршыл саясатына қарсы тұру, қазақ мәдениетін, тілін, дінін сақтау және дамыту мәселелерін көтеру. "Серке" газетін шығаруда ұлт көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың рөлі ерекше. Ол патшалықтың отарлық саясатын әшкерелеп, қазақ халқының бостандығын қолдаған ойшылдармен бірлесе жұмыс істеді.

Алайда, газеттің қызметі ұзаққа созылған жоқ. Бірнеше саннан кейін патшалық билік оны жауып тастады. Бұл әрекет газеттің ұлтшыл, азаттық идеясын ұстанғанын дәлелдеді. "Серке" газеті қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде тарихта қалды. Оның идеялары кейінгі қазақ басылымдарына және ұлттық қозғалыстарға үлкен ықпалын тигізді.

"Серке" газеті қысқа өмір сүрсе де, оның идеялары мен мақсаты қазақ халқының ұлттық санасын оятуға, азаттыққа ұмтылуға маңызды үлес қосты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Asem

Автордың басқа материалдары

Университет

Ағылшын тілін меңгерудің жастар үшін маңызы.

ФИО: Камаш Асем Жасұланқызы Универ атауы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеты. Оқытушы : Отаншиева Малика Толғандиевна « Жеті түрлі ілім іл, жеті түрлі білім біл » деп қазақ атамыз айтқандай тіл меңгерудің…

Asem 24 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Серке газеті: Қиын сәттердегі шындықтың жаршысы

"Серке" газеті – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алған басылымдардың бірі. 1907 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген бұл газет қазақ интеллигенциясы мен ұлт-азаттық қозғалыстың…

Asem 159 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин