Мазмұнға өту

Қош бол,алтын ұя мектебім!

Сара Нарботаева 1 мин оқу 38 оқылым

                       Қош бол,алтын ұя мектебім!

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Бүгін алтын ұя мектепті бітіріп,балалық шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған,жүрегіміз лүпіл қағып,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер яғни біздер үшін ең бір қымбат,ең бір қимас,ең бір ұмытылмас күн…

Бүгін міне,Әйтеке би атындағы орта мектебін 24 түлек болып түлеп ұшып барамыз.Қолымызда мектеп бітіргеніміз туралы аттестат.Алдымызда сырлы өмір,нұрлы болашақ.Көңіліміз алып ұшып қобалжуға толы.Біз мектебімізбен,ата анамыздай әлпештеген ұстаздарымызбен ғана емес,балалығымызбен де қоштасып жатқандаймыз.Кеше ғана мектеп бітіру салтанатына дайындық үстінде едік,енді міне бұл күнгеде жеттік.Қимастық сезімі…Қайтадан құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін есту бақыты бұйырмайтыны еске түскенде,көз жасынды ұстау мүмкін емес.Биылғы түлектердің бағына орай,елімізде  карантин режимі алынып,ашық алаң,ашық аспан астында мектеп бітіру бақыты бұйырыпты!

Менің сыныптас достарым! Сендерде алдағы уақытта тек қана сәттілік  болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!Сыныптастарым қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір - бірімізді ұмытпайық.

Аяулы мектебім біз саған әр кезде оралып тұрамыз. Саған келіп сағынышымызды басамыз,балалық шақтың естелігімен қауышамыз.

Ендігі кезектегі басты сынақ-ҰБТ.Мақсатымыз-жоғары балл жинап,армандаған оқу орнына грант иегері атанып түсу.Барша сыныптастарыма сәттілік!

                                                                         Сара Нарботаева

                                          Әйтеке би атындағы орта мектептің

                                                                     11 сынып оқушысы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сара Нарботаева

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қош бол,алтын ұя мектебім!

Қош бол,алтын ұя мектебім! Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Бүгін алтын ұя мектепті бітіріп,балалық шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған,жүрегіміз лүпіл қағып,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері…

САРА НАРБОТАЕВА 47 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин