Мазмұнға өту

“Қазақстан” газеті және Ғұмар Қарашев

Абдрахманова Айгерім 2 мин оқу 21 оқылым

"Қазақстан"  газеті және Ғұмар Қарашев

Ғұмар Қарашев - қоғам қайраткері, ақын және халқын білімге шақырған ұлы тұлға. Ол араб, түрік, татар, парсы, башқұрт тілдерін жақсы білген. Дін саласынан да сауатты болған еді. Ғұмар Қарашев қарапайым халықтың жай - күйін басылым беттеріне бейнелеген қаламгер болды. Баспасөз және ұлт жанашыры "Қазақстан", "Достық жолы" сияқты газеттер мен "Мұғалім" журналының тарихында елеулі қызмет атқарды.

Ғұмар ақын тарих, философия, әдебиет салаларымен қызығып, өзін осы бағытта дамытуға тырысқан. Басылым беттеріне де жазған еңбектері осы бағыттарда болған. 1907 жылдан бастап татар, қазақ тілдерінде жарық көретін газет - журналдарда мақалаларын жариялап тұрды. Ғұмар Қарашев өз ұлтының әлеуметтік өміріне араласып, ел мұратын көздейтін істермен айналысқан. Әсіресе, "Қазақстан" газеті осы адамның есімімен іспеттес келеді. Себебі, бұл газеттің жұмысын алға қоюда белсенді қызмет еткендердің бірі - Ғұмар Қарашев еді.

"Қазақстан" газетін - алғашқыда Орда қаласында, кейін Оралда жарық көріп жүрді. 1911 - 1913 жылдар арасында оқырмандарын ішіндегі мақалаларымен қуантып отырды. Бұл газетті тәуелсіз қазақ баспасөзінің алғашқы бәйшешегі десе де болады. Мәселен, Ташкенттегі "Түркістан уәләятының газеті", Омбыдағы "Дала уәләятының газеті" патшалық Ресейдің саясатын жүргізу үшін шығарылған болатыны шын. Торицкідегі "Қазақ газеті" мен Петербургтегі "Серке" газеті бір ғана санынан кейін жабылып қалған еді. Ал сол уақытта "Қазақстан" газеті тұрақты шығарылса керек. Ғұмар Қарашев баспасөздің қараңғы қазақтың сауатсыздығын, өмірге деген көзқарасын өзгертетінін жақсы білді. Осы мақсатпен газеттің даму жолында күні - түні еңбек етті. "Газет деген не зат?", "Газет не үшін керек?" атты мақалалары бойынша Ғұмардың халқына деген жанашырлығын, ниетін айқын байқауға болады.

"Қазақстан" газетінің алғашқы санындағы мақаласында ол адам осындай дүниені жазады: “Қайғыны, шаттықты бірге, ортақ көрмеген соң бізде ынтымақ жоқ. Ынтымақ болмаған соң күш-қуат та жоқ. Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет! Сол себепті газет біздің байлығымыз! Газет біздің достар алдында көркіміз! Дұшпандарға қарсы құралымыз! Газет біздің білгенімізді көрсететін ұстазымыз! Газет біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз! Біз қазақ балаларын бұның қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу, аз ақшаны аямай жазылып, алып оқу парыз”. Ғұмардың баспасөз туралы осы ойы өте дұрыс деп білемін. Газет және журнал - ақпарат пен жаңалықтың көзі, әдебиет пен білімнің шырағы.

Абдрахманова Айгерім

ҚазҰУ, журналистика 1 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Абдрахманова Айгерім

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Түркістан уалаятының газеті" - тұңғыш қазақ басылымы

ҚазҰУ, Журналистика 101 тобы, Абдрахманова Айгерім «Түркістан уалаятының газеті» – тұңғыш қазақ басылымы Кез – келген дүниенің басталуы және тарихы болады. Қазақ баспасөзінің де өзінің терең әрі қызықты тарихы болса…

Абдрахманова Айгерім 60 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин