Мазмұнға өту

«Қазақстан: болашақ елге жастардың көзқарасы»

Нағашыбаева Луиза 1 мин оқу 36 оқылым

Кез-келген ел өз болашағын жастармен байналыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас - ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел азаматы.

"Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!" деп, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, қазір технологияның дамыған заманында, бәсекеге қабілетті бола білу керек. Білімді азаматтарды талап ететін ғасырда әлбетте қырандай қанатты болу маңызды. Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың: "Еліміздің келешегі жастардың қолында" деген сөздерінен - ақ жастарға үлкен жауапкершілік пен сенім артылатынын байқауға болады. Ата-бабаларымыздың қайсар рухы мен қара күшінің, жауапкершілігі мен еңбекқорлығының арқасында, міне бүгін дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болып, көк туымызды биік ұстап отырмыз. Ал енді, білім мен еңбекқорлық тұсынан өзімізді дәлелдейтін кез келді.   Тарихымыз бен мәдениетіміз бай ел болғандықтан, жастар өзін-өзі дамытуына, білім алуына, шығармашылық пен кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндіктер көп. Қазіргі таңда, елімізде жастардың сапалы білім алып, білімнің әртүрлі салаларына мамандануына мүмкіндік беретін университеттер мен ғылыми орталықтар белсенді түрде дамып келеді. Тіпті, көптеген жас қазақстандықтар ой-өрісін кеңейту және бойына жаңа тәжірибе сіңіру үшін шет елдерге барып білім алуды таңдайды. Қазіргі жас ұрпақ бірінен бірі озып, белсенді, ізденімпаз деп айта аламын. Адамгершілік қасиеттерді де жоғалтпай, жүректерін иман мен мейірімділікке толтыруға да құлшынады. Еліміздің жастары - өз әлемдерін жақсы тұсқа өзгертуге қабілетті. Осының арқасында әрбірі өзі армандаған жарқын болашақты құра алады. Балалық шағын емес, болашағын қазірден ойланатын жастар, мақсат армандарына жетері анық. Жаңа ұрпақтың біліміне, жаңашылдығына, жасампаздығына сүйене отырып, еліміздің алға басуы үшін жастардың әлеуетін қолдау және оны дамыту өте маңызды. Ал мен еліміздің болашағын бейбіт, дамыған, білімді ел ретінде елестетемін.

Нағашыбаева Луиза Ғазизжанқызы

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері» университетінің 3 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Нағашыбаева Луиза

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Қазақстан: болашақ елге жастардың көзқарасы»

Кез-келген ел өз болашағын жастармен байналыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас - ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел азаматы. "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi…

Нағашыбаева Луиза 60 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин