Мазмұнға өту

Отбасындағы тәрбие ұрпақ жалғастығы

Мусабаева Айзада 2 мин оқу 40 оқылым

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, татулық, әдептілік сияқты қасиеттер отбасынан бастау алатыны белгілі. Тәрбие балаға сөзбен, теориямен дарымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан да дана халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген ғой. Ақиық ақын, жауһар жырдың мар­қас­­қасы Мұқағали Мақатаевтың мына бір тамаша өлең жолдары ойға оралады. Анам маған: «Үлкенді сыйла!» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті, Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған мұра – ізеттілік, Арымды соған қойған күзеттіріп, – дейді. Иә, бала тәрбиесінде әке мен ана бірдей жауапты. Үңіле қарағанда балаға әкеден гөрі ана жақын тұратын сияқты болып көрінуі де мүмкін. Жасыратын ешнәрсе жоқ, бала тәрбиесінің көп салмағын аналар көтеретіні де рас. Алайда ата-ана деген сөзіміз қалай қосарланып қатар айтылса, бала үшін екеуінің де орны ерекше. «Баланы 5 жасқа дейін мәпеле, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, ал 15-тен асқан соң досыңдай сырлас» деген даналық ойдың астарына тереңірек үңілген кез келген адам ойланып-ақ қалар еді. Балаға орынсыз ұрсып, зекіп, сұрағына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін жояды. Ұл мен қыздың мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, сабаққа дайындығында қандай өзгерістер бар? Болашақта кім болғысы келеді? Мұндай сұрақтар әкесін де, шешесін де тең ойландырғаны дұрыс. Ана тілімізді шұбарлау да отбасынан басталады. Кейбір орыстілді ата-аналарымыз: «Таза қазақ болсын деп, қазақ мектебіне бердік» дейді де, бар ауыртпалықты мектепке артып қояды. Тілі орысша шыққан, үйінде ата-анасы, туған-туыстарымен орысша сөйлесетін бала мектепке ғылымның сан саласын қалай ғана қазақша игереді? Баланың болашағы үшін ана тіліне деген құрметті өздерінен ­бастауы керектігін ойланар уақыт келді. Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек деп қарайтын ешнәрсе жоқ. Ол үшін әкенің де, шешенің де өзіндік орны бар. «Жақсылық жақсы атаның баласынан тарайды» – дейді кемеңгер халқымыз. Осы арқылы тәрбиелі отбасынан тек жақсылық күт десе, шырқы бұзылған отбасын да «Шығады қисық үйден қисық түтін» деп түйреп өтеді ата–бабаларымыз. Өмірге әкелген бала алдында ата-ана өз жауапкершілігін дұрыс түсінсе, тәлім-тәрбиенің алтын ұясы – отбасы мен мектеп бірін-бірі байытып, толықтырып жатса, алынбайтын қамал, қол жетпейтін биік болмас еді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мусабаева Айзада

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Отбасындағы тәрбие ұрпақ жалғастығы

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ.…

Мусабаева Айзада 101 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин