Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 55 оқылым

Автор: Садырқан Дана

Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге міндет
Мемлекеттің белгісі – рәміздер. Ал рәміздерге құрмет – борышымыз. Еліміздің жарқын болашағы өзімізге деген құрметтен басталады. 4 маусым – рәміздер күні. Бұл күні ел құндылығын дәріптеп, мерейімізді асқақтату мақсатында іс шаралар өтеді. Көк байрағымыз Қазақстаннан бөлек, өзге елдің төрінде биіктен көрініп, әлдилеген әнұранымыз шырқалса көкірегімізде мақтаныш сезім мен ерекше қобалжу болатыны сөзсіз. 
Өкінішке қарай, бүгінгі қазақ азаматтарының арасында рәміздерге құрметсіздікпен қарау байқалады. Бұл, әуелі, тарихи және мәдени білімнің жетіспеушілігі салдарынан деп ұғынамыз. Өйткені мемлекеттік рәміздер елдің тарихымен, мәдениетімен және ұлттық болмысымен тікелей байланысты. Кейбір қазақ жастары халық тарихы мен мемлекеттік рәміздердің маңызын толық түсінбеуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде білім беру жүйесіндегі олқылықтардан туындайтыны анық. Сондай-ақ, қазіргі таңда жастардың басым бөлігі өзге елдің мәдениетіне қызығып, өз елінің рәміздеріне немқұрайлылықпен қарайды. Енді бір жағынан, әлеуметтік желілер мен ғаламтор кеңістігі арқылы жаһандық мәдениеттің ықпалы күшейіп, жастардың патриоттық сезімі екінші орынға ығысуы да мүмкін. 
Қазақ жастарының мемлекеттік рәміздерге деген құрметі елдің болашағы үшін маңызды. Егер мемлекет пен қоғам бірлесе отырып бұл бағытта жұмыс істесе, жастардың патриоттық сезімі нығайып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет жоғарылай түсетіні анық. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көк түсті байрақ. Қыран біздің еркін екенімізді бейнелеп тұрған секілді. Ал күніміз әрқашан шуақты шырайлы ел екеніміздің белгісі. Ең қызығы,  Қазақстан туы ғарышта жерді 150-ден астам мәрте айналып шыққан деген дерек бар.
Әнұранның да өзіндік бір ерекшелігі бар.  Мемлекеттік рәміздердің ішіндегі туға жай ғана көк мата, ал әнұранға жай әуен деп қарауға болмайтынын әр еліміздің азаматы қаперінде ұстауы тиіс деп білемін. Өйткені рәміздерге деген құрмет – өз еліңе, өзіңе деген құрмет пен сыйластық. Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің айқын белгісі.
Риза САПАРҚЫЗЫ

Авторы
Садырқан Дана

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым