Мазмұнға өту

Көңілді эстафета

Bilimger Media 1 мин оқу 323 оқылым

Тақырыбы: Көңілді эстафета

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;

2.Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

3.Оқушыларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.Білім,білік дағдыларын кеңейту;

Сабақтың түрі:командалық жарыс

Сабақтың әдісі:ойын

Өтетін орны: спорт алаңы

Өтетін сыныбы:  3 сыныптар

Құрал-жабдығы: доп,кедергілер,секірткіш,ысқырық,шығыршық,қап,эстафета таяқшасы

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

2.Ортаға командалар шығады.Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады.Мемлекеттік Әнұран орындалады.

ІІ.Жарыстың шарты.

1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты)

2.Эстафеталық ойындар

3.Қорытындылау

1.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

2.«Секіртпемен жүгіру»

Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді.Белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.Келесі ойыншыға береді.Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

3.«Шығыршық тасы»

Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып,кейін қайтады.Соңғы ойыншыны апарып,барлығын бірдей алып келеді

4.«Кім жылдам»

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты жерге ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.

5.«Жұптасқан ұстаушылар»

Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып,кейін қайтады.

6.«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

7.«Арқан тарту»

Команда мұшелері түгел арқан тартуға шығады.Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді.Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.

ІІІ.Қорытындылау.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.

Маңғыстау  облысы

Маңғыстау  ауданы

Е.Айшуақұлы  атындағы  орта  мектеп

Дене  шынықтыру  пәні  мүғалімі

Умарбаева  Гульсара Атабаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Топта талдау жасау мен қатысу және құру процессі

"Сындыбала Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы" бар орта мектебі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ Бөлім 3 БӨЛІМ ГИМНАСТИКА АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚҰРАСТЫРУ Педагогтың аты-жөні ҚАНТАЕВ АЗАМАТ НУРЛАНОВИЧ…

Кантаев Азамат Нурланович 88 оқылым 2 мин
Дене шынықтыру

Спорттық ойындар

Дене шынықтыру Дене шынықтыру пәнінен баяндама Кіріспе Қазіргі таңда дене тәрбиесі мен спорттың адам өміріндегі маңызы ерекше. Дене шынықтыру арқылы адамның денсаулығы нығайып, дене дамуы жақсарады. Соның ішінде спорттық…

Қантаев Азамат 65 оқылым 3 мин
Дене шынықтыру

Аралас мектептегі ұлттық ойындардың педагогикалық маңызы және оны қолданудың тиімділігі

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, «А.Жами атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қазіргі білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – мектеп…

Аскаров Сарсенбек Ерболсынович 44 оқылым 3 мин
Дене шынықтыру

Мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру принциптері

Дене тәрбиесі нұсқаушысы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК Кіріспе Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын сақтауға, нығайтуға және өмір сапасын арттыруға…

Нұрлыбекқызы Ұлпан 253 оқылым 6 мин