Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бесатар повесіндегі заман шындығы мен өмір шындығы

Автор

Назарбекова Мөлдір Нұржанқызы
3 мин оқу 966 оқылым

Автор: Назарбекова Мөлдір Нұржанқызы

Мақалада «Бесатар» повесіндегі заман шындығы мен кейіпкерлер тағдыры сөз болады.

Намыс, табандылық, қайрат... Адам бойына қуат беретін де, алға жетелейтін де — осы қасиеттер екеніне бүгін тағы бір көзім жетті. Бұл ойдың туындауына Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі себепші болды. «Бесатар» — егемендік жолындағы ауыр, тайғақ кешулердің айқын көрінісі мен нағыз патриотизм бейнеленген ерекше шығарма. Ерекшелігі — атауынан-ақ көрініп тұр. Отаршылдық құрсауынан шығар жолда күрескен қаншама қазақтың кеудесін тескен осы «Бесатар» қаруының тәуелсіздікпен байланысы қандай?

Жазушы стилі мен повестің ерекшелігі

Бұл повесть мен үшін жай шығарма емес, қазақ халқының басынан өткен әділетсіздіктерді ашық көрсеткен, шынайы туынды. Осы арқылы А.Сүлейменовтің көркем сөз шебері екенін де айқын аңғаруға болады. «Жазушы дегеніміз — стиль», — дейді өзі.

Осыдан-ақ жазушының әр шығармасына ерекше мән беріп, сөз саптауы мен жазу мәнері өзгеше болғанын түсінеміз. Ал оның ішінде «Бесатар» повесінің орны тіпті бөлек. Шығарма 1968 жылы жазылып, үзінділері «Лениншіл жас» газетінде жарияланған, кейін 1970 жылы «Бесін» атты алғашқы жинаққа енген.

Бұл туындының ерекше екенін Ғ.Мүсірепов те атап өткен: «Асқар қозғалыстың сырт көріністерін, оқиға тізбектерін алмаған, ішін аша білген соң сыртқы көріністер өзінен-өзі көз алдыңа тізбектеле береді». Сонымен қатар Ғ.Мүсіреповтің бұл повеске алғы сөз жазуы шығарманың кеңестік цензурадан өтуіне мүмкіндік берген.

Бесатар повесіндегі заман шындығы

Жалпы, повесть 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті кейіпкерлердің ішкі күйзелісі, сезім арпалысы арқылы көркем бейнелейді. Біз қазір бақыттымыз, бейбіт, тәуелсіз елде өмір сүріп келеміз. Алайда ата-бабамыз аңсаған бұл шаққа жету оңай болмаған.

Егемендік жолында қазақ халқы не көрмеді десеңізші. 1731 жылдан бастап, Сырым батыр, Махамбет пен Исатай, Кенесары бастаған көтерілістер — бәрі осы жолда жан берген батырлар. Осы қатарда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің орны ерекше.

Неге? Себебі бұл қозғалыс ұлттық сана-сезімнің оянып, елдің дербестікке деген ұмтылысын айқын көрсеткен алғашқы ірі қадам болды. Екіншіден, халық өз бостандығы жолында алғаш рет ұйымдасқан түрде бас көтеріп, болашақ Алаш қозғалысына жол ашты.

Бұл — үлкен жеңіс.

Сәруар бейнесі және намыс мәселесі

Мен үшін бұл шығарманың тағы бір ерекшелігі — жазушы бүкіл оқиғаны бір тәуліктің ішінде сипаттай отырып, халықтың намысын, әке мен баланың қарым-қатынасын, елге деген махаббатты, патша үкіметінің қазаққа жасаған қысымын шынайы әрі терең бере білген. 21 жасар Сәруардың ауылға оралып, не әкеге, не халқы мен жеріне адал боларын білмей, екі оттың ортасында қалған сәттері оқырманның жанын тербейді.

Осы тұсты оқығанда көзіме еріксіз жас келді. Бұл — аяныштың емес, намыстың жасы еді. 21 жас — қарап тұрсаңыз, аса үлкен жас емес.

Өзімнен бірнеше жас қана үлкен. Бірақ оның көргені мен қазіргі жастардың тірлігін салыстыруға да келмейді. Қазіргілер осындай жағдайда қандай шешім қабылдар еді?

Әлеуметтік желі мен уақытша қызықтың соңында жүрген кейбір жастардың бойында Сәруардай намыс табылар ма еді? Әрине, бәріне күйе жағуға болмайды, намысты, қайратты жастарымыз бар. Десе де, көпшілігі өз қара басын ойлап, халық мүддесін кейін қоятыны — бүгінгі өмірдің шындығы.

Міне, менің ішкі жан дүниемді қозғап, көзімнен жас шығарған да осы мәселе.

Өткенді ұмытпай, бүгінді бағалау

Қорыта келгенде, Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі — тарихымыздың қасіретті де, қайсар беттерінің көркем шежіресі. Ол — өткенімізді ұмытпай, бүгінімізді бағалауға шақырады. Шығарма арқылы автор замана шындығын шебер көрсете отырып, оқырманды елдікке, намыс пен бірлікке үндейді. Жас ұрпаққа отансүйгіштік пен рух биіктігін үлгі ететін бұл туынды — ұлттық әдебиетіміздің аса құнды жәдігері деп сеніммен айта аламын.

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 9 қазан 2026, 00:42

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Назарбекова Мөлдір Нұржанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин