Мазмұнға өту

Ата мен әже - қазақы тәрбиенің бастау бұлағы

Бинурай Сахитжанова 3 мин оқу 95 оқылым

Ақ ниетімен, ақ батасымен айналасын арайландырған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған ата мен әже атты абзал жандар – өнегелі өмірдің сыны мен сыры жайлы шұрайлы шежіре шертетін тірі тарих. Өмір атты тынымсыз тіршілікте көңілі таудағы таза ауадай, пейілі дархан даладай, даналығы дариядай қариялар – әулетінің арқа сүйер асқар тауы.
Адамның адами болмысы мен асыл қасиеттері отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі - өнеге, тәлім - тәрбие арқылы ғана еліне, жеріне, Отанға деген сүйіспеншілік сезім орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі – әжелер екені даусыз. Тұла бойы тұңғышын атасы мен әжесінің тәрбиесіне беріп, «атасы мен әжесінің баласы» деп есептеп, солардың бауырына басатын ұлт қазақ қана. Атасы мен әжесі бауырына басып, «меншіктеп» алған баланы «менің балам» деп тіпті өзінің ата - анасы да айтпаған. Бұл әке мен баланың, ене мен келіннің арасындағы сыйластықтың да бір белгісі іспеттес. Ал көргенді қарт ата мен әже баланы ешуақытта өзінің әке - шешесінен алыстатпаған, оларды да қадірлеуді, құрметтеуді міндеттеп отырған.
Өмірден көргені мен түйгені мол қариялар тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені ата мен әже балаға үлкен адамша сөйлесіп, әңгіме - дүкен құрады. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің қадірін біледі, орнымен сөйлеп, сөзді тауып, нықтап айтады. Немересін баласынан ыстық көретін ата - әжелеріміз бұрындары кішкентай қарадомалақтарын бір елі қастарынан тастамайтын. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән - жырларын, шежірелерін тыңдап өседі. Немересін жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен.
Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп - ақ. Зередей зерделі де ұлағатты әжеден аңыз - әңгімелер мен жыр - дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақтың ұлы ақынына, зор тұлғаға айналды. Ал Айғанымдай әженің өнегесін көріп, тәрбиесін алған Шоқан кім болды? Өз тұстастарының алды, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызына, халық мақтанышына айналды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың маңдайалды, біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көрген, әженің алақанынан түлеп ұшқан.

«Әжем есімде. Әрнеге қозбайтұғын, Әріден көп әңгіме қозғайтұғын» деген «Отыз бесінші көктемім» атты өлеңінде асқақ ақын Мұқағали Мақатаев. Балалық шағы соғыс жылдарында өткен ақынның ақ жаулықты әжесінің аты – Тиын болған.
… Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса…нені көрем? – деп, ақын сағынған асыл әжесіне жыр арнаған.
Осы күнгі бала Алпамыстай алыптарды, Көлтауысар мен Желаяқты, Таусоғар мен Толағайды білмейді, себебі олар жайлы ертегінің майын тамызып айтып берер әже жоқ.
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен.

Соңғы жаңарту: 26 қараша 2025, 12:33

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Бинурай Сахитжанова

Осы тақырыптағы материалдар

Әдістемелік құралдар

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 2026–2027 оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, білім беру және тәрбие…

Bilimger Media 1 233 оқылым 9 мин
Әдістемелік құралдар

Тамыз конференциясы – жаңа оқу жылына жаңа міндеттер

Жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Тамыз конференциясы – педагогтер қауымы үшін өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, алдағы кезеңнің басты міндеттері мен басымдықтарын айқындайтын маңызды кәсіби алаң. 2026 жылғы…

Bilimger Media 1 339 оқылым 11 мин
Әдістемелік құралдар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: балабақша, мектеп және колледжге арналған ұлттық құндылықтар жүйесі. Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ. Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат»…

Bilimger Media 795 оқылым 2 мин
Әдістемелік құралдар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. №348 бұйрыққа өзгерістер

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы…

Bilimger Media 290 оқылым 31 мин