Мазмұнға өту

Алтаева Жания Жарасқызы

Алтаева Жания 1 мин оқу 22 оқылым

Е.Әбікеннің "Пәтер іздеп жүрміз" әңгімесіндегі жағдай қаншалықты қоғамда кездеседі?

Қазіргі заманда бәрі айтарлықтай дамып, халықтың жағдайы едәуір жақсарған. Дегенмен, жалпақ тілмен халық деу қате болар, барлығының жағдайы бірдей емес. Әркімнің әл-ауқаты әртүрлі.
Е.Әбікеннің "Пәтер іздеп жүрміз" шығармасындағы негіз етіп қозғалған тақырып та қазіргі заманға бөтен емес екені анық. Аталмыш туындыда жас отбасының көрінгеннің есігінің көлеңкесінде қалып қойып жатқаны айқын суреттелген. Расымен де, бұл жағдай тек осы шығарма төңірегінде құрастырылған әдеби ертегі емес. Бұндай жас шаңырақтар баршылық. Қалталы азаматтар да жоқ емес! Дегенмен, әр отбасының өз себептері болады. Бұл ахуалға ие болып, я болмау әрине, адамның еткен еңбегінің жемісі нәтижесінде келеді.
Міндет пәтер іздеуде емес, сол баспанаға қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуде екендігін естен шығармаған жөн! Сонда да, ата-бабамыз ерен еңбекпен тегін алып берген тәуелсіз кең-байтақ даламыздан еліміздің азаматтарына бір пана етер шатыр табылмағандығы жанға батады. Қазіргі уақытта күннен күнге мәдениеттің дамып, бәрінің еңбекпен ғана алынатын заманы болғандықтан, ізденіс болуы тиіс. Шынымен де бәрі тегін, оңай жолмен келетін болса заман не болмақ!? Адамдар жатыпішер болып, еңбектен мүлде алыстап кетер ме еді?! Қазір үйсіз жүргендердің жағдайына да басты себеп осы- жалқаулық болса керек.Әркім өз еңбегінің жемісін көреді. Сондықтан да, бәрін ақылмен шешіп, көп әрекет жасаған абзал!

Алтаева Жания, 110 мектеп-гимназиясы, 11 сынып

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Алтаева Жания

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Алтаева Жания Жарасқызы

Е.Әбікеннің "Пәтер іздеп жүрміз" әңгімесіндегі жағдай қаншалықты қоғамда кездеседі? Қазіргі заманда бәрі айтарлықтай дамып, халықтың жағдайы едәуір жақсарған. Дегенмен, жалпақ тілмен халық деу қате болар, барлығының…

Алтаева Жания 42 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Мамандық таңдау

Мамандық таңдау Мамандық таңдау - адам өміріндегі орын алатын маңызды таңдаулардың бірі. Оны мүдірмей, дұрыс таңдай білу де өнер. Адамның келешегіне тікелей қатысы бар болғандықтан, мамандықты таңдар сәтте…

Алтаева Жания 39 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Ауыл мен қала

Адамдар өмір сүретін орта жалпақ тілмен қоғам деп аталады. Осы қоғамда адамдар 2 топқа бөлініп өмір сүріп жатыр. Біреулер алып мегаполисте тұрып жатса, бірі ауыл атты шағын мемлекетте тіршілігін жасауда. Ауыл мен қала…

Алтаева Жания 269 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

🇰🇿 Қазақстан тарихы — ҰБТ тесті ⏱ 40 мин · 20 сұрақ А — базалық (50%) В — орташа (30%) С — жоғары (20%) І бөлім · жеке тапсырмалар (1–10) 1Сақ тайпасының «патшалар патшасы» деп аталған атақты билеушісі – Мадий кімнің ұлы…

Bilimger Media 829 оқылым 8 мин
Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық: жоғары балл алуға көмектесетін мықты лайфхактар

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы — ҰБТ-да көп оқушыға жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде жүйелі дайындықты қажет ететін пән. Бұл пәнде тек даталарды жаттау жеткіліксіз. Тарихи оқиғалардың себебі мен…

Bilimger Media 136 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Алаш қайраткерлерінің танымдық мұралары

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" тарих пәні мұғалімі Аннотация Алаш қайраткерлерінің танымдық мұрасы қазақ қоғамының саяси ойы, ағартушылық бағыты және ұлттық сананы жаңғырту тәжірибесімен тығыз…

Ешенова Айсұлу Болатқызы 106 оқылым 6 мин