Мазмұнға өту

Әдебиеттің әдемілігі жойылмады ма?

Дүйсенбек Ақмоншақ Мұханбеталиқызы 1 мин оқу 25 оқылым

Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді

Ғабиден Мұстафин

Ақын жанының айнасына айналып, дүниенің әдемілігін көркем жеткізе білген ұлы әдебиеттің құдіреті шексіз. Оның тағылымы терең, тәрбиесі мол. Сонау тарихтан тән мен жан тазалығының, махаббаттың нышаны болған әдебиеттің қазіргі күйі қандай? Оның сол баяғы пәктігі, құдіреттілігі сақталды ма?

Қазақ әдебиеті әрқашан бала бойындағы махаббатты арттырып, жас тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін дәріптей түседі. Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішкен әрбір бала тұлға ретінде қалыптасары анық. Қазіргі күні бұл жанр балалар арасында кең танымал болмаса да, әр қазақтың баласы тарихтан келген көркем ертегілерді, жыр-дастандарды бойына сіңіріп, өсе келе ол қасиеттерді дамыта түседі.

Қазақтың көркем әдебиеті жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп отырады. Енді ғана әріп танып, кітап әлеміне енген балақай өзіне ұнайтын ертегілерді, батырлар жырларын оқып, өз кумирлерін қалыптастыра алады. Ал жасөспірімдер үшін әдебиеттің мелодрама жанрлары- мысалға айтсақ, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» сықылды, не болмаса, тарихтың, саясаттың ащы менен тәтті тұстарын бейнелейтін Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» секілді шығармаларын оқуға болады.

Қазіргі таңда әдебиетіміз одан әрі шарықтай түсіп, өз қанатын жаюда. Оған дәлел қазақ туындыларының өзге тілге аударылып, шетел азаматтарының жүрегінен орын табуында. Мысалы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»туындысы 1993 жылғы зерттеулер бойынша әлемнің 116 тіліне аударылған екен. Бұл дегеніміз әдебиеттің көрер жарығы әлі алда.

Ал қазіргі жастар әдебиетті оқып қана қоймай, оны дамытуы бұл саланың мәңгілік атануына себепші болар еді. Сол себептен әрбір тарихын, елін сүйетін азамат Отаным үшін деп өзінің титтей болсын пайдасын тигізгені жөн.

Дүйсенбек Ақмоншақ

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Дүйсенбек Ақмоншақ Мұханбеталиқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

21 ғасырдағы мектеп қандай болуы қажет?

Қазіргі таңда мектеп - бала жанының дамуына үлкен үлес қосатын алтын ұя. Онда өткен әрбір күн - балаға рухани азық беріп, кемел келешекке жетелейді. Алайда мектеп өзінің осы қасиеттерін сақтау үшін міндетті түрде заман…

Дүйсенбек Ақмоншақ Мұханбеталиқызы 135 оқылым 1 мин
Өлеңдер

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік Тәуелсіздік тұғырымсың сен менің! Көңілдегі көркем жырдың сеп лебін Мадақтаймын, мадақтауға тұрарлық Еркіндікті, ризықты берген еңбегің! Тәуелсіздік! Тәуелсіздік -таңымсың! Азаттық пен бірліктің де бағысың!…

Дүйсенбек Ақмоншақ Мұханбеталиқызы 84 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин