Қыс мезгілін қорыту. Көктемгі орманға саяхат . Жабайы аңдар.

Күні: 10.04.2019 ж
Таным «Жаратылыстану»

Оқу қызметінің тақырыбы: Қыс мезгілін қорыту. Көктемгі орманға саяхат . Жабайы аңдар.
Пәнаралық байланыс Таным құрастыру , шығармашылық музыка.
Билингвизм Қоян –заяц, аю- медведь, қасқыр –волк, түлкі- лиса, көктем-весна, қыс-зима.
Жүзеге асатын оқу мақсаты: Қыс туралы білімдерін қорыту; Көктем туралы білімдерін кеңейту.
Жабайы аңдар, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру.
Аңдарға , табиғатқа деген сүйіспен-шіліктерін тәрбиелеу.
Жетістік критерийлері Дыбысты тыңдау арқылы жабайы жануарлардың дыбысын ажырата білуді; Түлі іздерді көру арқылы жабайы аңдардың іздерін табуды; жыл мезгіліне байланысты жануарлар-дың тіршілігіндегі өзгерістер туралы; қай аң немен және қалай қоректенетіні туралы; үй жануарлары мен жабайы аңдарды айыра білуді
Түйінді сөз: Топпен, жеке жұмыс түрлеріне жұмылдыру. Балалардың оқуға деген қызығушылығы артады.
Құндылықтарды дамыту Балаларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
АКТ қолдану дағдысы Слайд
Талқылауға арналған сұрақтар: -неге үй жануарлы мен жабайы жануарлар деп екіге бөлеміз? -орманнан қандай жануарларды көрдіңдер? -олардың тапсырмасы сіздергі қиын болды ма? -Көктемде ең алғаш шығатын гүл қалай аталады? -Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді. -Бұл жабайы аңдардың барлығы қай ертегіде кездеседі?
Жоспарланған уақыт есебі Сабақ барысы Ресурстар
Басы:
(5 минут) Психологиялық дайындық
Келген қонақтармен амандасу.
Сәлеметсіздерме!
-Балалар бүгінгі көңіл күйлеріміз қалай? Өте керемет.
-Олай болса бүгінгі оқу қызметі де өте ерекше және қызықты болмақ?
-Жылдың неше жыл мезгілі бар?
-Балалар біздер қай жыл мезгілін аяқтадық ?
-Қыс.
-Олай болса біз қыс мезгілін ренжітпей шығарып саламыз ба?
Сұрақтар қою арқылы қыс мезгілін қорытындылау.
-Бізге енді қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келді?
-Көктем.
– Көктемгі ерекшеліктерді айту.
«Көлеңкесін тап» ойыны
-Балалардың назарын тақтаға аудару.
-Бұл ойын көлеңкелерді ажырат деп аталады.
-Көлеңкеде қандай жануарлар бейнеленген?
-Көлеңкеде үй жануарлары мен жабайы жануарлар бейнеленген. Үй жануарларын жайлауға , жабайы жануарлады орманға орналастырады.
-Көлеңкедегі аңдарды ажырату арқылы өткен оқу қызметін яғни үй жануарларын пысықтап, жаңа оқу қызметінің тақырыбын хабарлау.

Ортасы
(15 минут) Жаңа сабақ. Көктемгі орманға саяхат . Жабайы аңдар.
-Балалар біздер орман ішіндегі тек жабайы аңдардың тек көлеңкесін ғана көріп тұрмыз. Сіздер осы аңдармен әрі қарай тереңірек танысқыларың келе ме?
-Олай болса көктемгі орманға саяхатқа шығамыз.
-Қыстық киімдерімізді шешіп, қатарға тұрып, бір- біріміздің қолымыздан ұстап саяхатқа шығамыз.
-Із арқылы орманға кіру. Із арқылы қоянға кездесу.
1-тапсырма «Ойлау,ойлану» әдісі
Қоянның тапсырмасы:
-Балалар мен мына орман ішіндегі көп дыбыстардан қорқып шыға алмай отырмын.
Дауыстарын да ажырата білмеймін.
жабайы аңдардың дыбысын ажыратып тауып беруге көмектесесіңдер ме?
2-тапсырма Аюдың тапсырмасы
Маған сендердің көмектерің қажет.
-Мен қысқы ұйқыдан оянсам апанымның қасына көптеген аңдардың ізі жатыр екен сол қай аңның ізі екенін тауып айтып бересіңдер ме?
Әуен жүру арқылы жабайы аңдардың ізідерін табады.
3-тапсырма. Түлкінің тапсырмасы
-Балалар бұл қандай аң ?
-Түлкі.
-Сәлеметсіңдер ме балалар !
-Сендер қандай әдемісіңдер.
-Түлкі қандай аң?
-Бүгінгі оқу қызметінде сіздер қандай аңдармен танысып жатырсыздар? -Қоян, аю, қасқыр, түлкі.
Балалар осы аңдарға байланысты ойын ойнап жібереміз бе?
Дидактмкалық ойын: «Қай аң немен қоректенеді?»
4-тапсырма . Қасқырдың тапсырмасы. «Сұрақ-жауап» әдісі
-Ыр,-ыр,-ыр орманды басына көшіріп шулап жүрген бұлар кімдер?
-Мен бұларды ұстап жеп алайын. Қарным ашып тұр еді.
-Қасқыр бұл менің балдарым. Сен бұларды жемеші.
-Менің сіздерге тапсырмам бар соны дұрыс орындаса мен бұл балаларды босатамын.
Осы жабайы аңдардың барлықтарын ортаға шақырайықшы.
Келген жабайы аңдардың барлығының да балдары бар екен. Қысқы ұйқыдан оянған аңдар өздерінің балдарынан айырылып қалған екен. Соларды табуға көмектесеміз бе?
Сұрақ қою арқылы балдарын табу?
-Қоянның баласы қалай аталады?
-Аюдың баласы ше?
-Қасқырдың баласы ше?
-Түлкінің баласы ше?
-Жарайсыңдар балалар сіздерге бүкіл аң атауы риза болып тұр. Себебі сіздер олардың балаларын табуға көмектестіңдер. Рахмет сіздерге.
-Олай болса біз көктемгі саяхаттан қоян, аю, қасқыр, түлкі туралы көп білім алдық.
-Көктемгі саяхат ұнады ма?
-Тобымызға оралатын уақытта болды.
-Табиғат туралы өлең білеміз бе?
–Балалар топқа жеткенше табиғат туралы өлең айтайықшы.
Табиғатқа сенеміз.
Табиғатты қолдай біл.
Аң құстарды қорғай біл,
Табиғатты сүйеміз.
Оны қорғап жүреміз.
Міне балалар тобымызға да келіп жеттік.
-Балалар біздер тобыздан ненің бейнесін көріп тұрмыз?
-Күнді.
-Күннің пішіні қандай?
-Дөгелек олай болса бәріміз дөңгеленіп тұрып шеңбер құрамыз.
-Күн бізге не береді ?
-Жылу.
-Бәріміз алқанымызды ұстап, алақан арқылы бір бірімізге жылу таратайық.
-Күннің көңіл күйі қалай?
-Сіздердің көңіл күйлеріңіз қалай?
-Күндердің түстері бірдей ме?
-Әр тәрбиеленуші өз қалаған түстерін алып, топқа бөлініп отырады. Жұптық жұмыс
«Жұптас,ойлан,талқыла» әдісі
Балаларды үш топқа бөлу
1-топ «Пазл» құрастыру. Аю
2-топ Жұмсақ матадан қоян бейнесін жасау.
3-топ Көктем бейнесін құрастыру.

Үй жануарлары.

Жабайы аңдар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Интерактивті тақтамен жұмыс
Үлестірмелі материалмен жұмыс Үлестірмелі материалдар
Компьютер
Сергіту сәті Ширату
-Балалар шаршасақ орнымыздан тұрып, буын жаттығуын жасап жіберсек қалай қарайсыңдар?
-Жарайды.
-Онда мен мынаны айтам.
-ян,-ян,-ян, секіреді ақ қоян,
-ю,-ю,-ю, қорбаңдаған аю.
-ыр,-ыр,-ыр, бұл көгжал қасқыр,
-кі,-кі,-кі, бұл қу түлкі.
-Өте тамаша буын ұйқасын керемет айттыңдар. Сергіту сәтіне арналған жинақ
Сабақтың соңы

Кері байланыс
-Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Біз оқу қызметінде не үйрендік?
Бағалау Аңдардың түсі бойынша бағалау.
Ақ түс-жақсы
Қоңыр түс-қиналдым
Сұр түс -түсінбедім Аңдардың түстеріне қарап тәрбиеленушілер өз бағаларын береді .
Қандай екі нәрсе табысты болды
1. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білуді;
2. Жабайы аңдардың музыка арқылы іздерін таба білуі;
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады
1. Ширату кезіндегі пазлы әдісін қолдана білуі
2.АКТ- ны қолдану кезінде тәрбиеленушілердің қызығушылығы оянды
Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды шығардым, келесі сабақты жетілдіруге маған не көмектеседі?
Сабақтың мазмұнына қарай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаландым.
Алдағы уақытта нәтижелі сабақтар өткізу үшін тапсырма мазмұнына көңіл бөлемін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *