“Аққала!”
Білім беру саласы: Шығармашылық,қатынас,таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: Аққала.
Мақсаты: Жыл мезгілдеріне тән ерекшеліктерді түсіндіру.
Аққаланың суретін салу үшін түстерді дұрыс таңдауға,дәстүрден тыс сурет салуға үйрету.
Еңбексүйгіштікке ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сиқырлы тақта,видео,қылқалам,тұғыр,күріш,тұз,желім,мұз,қар,лупа.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег,аққала-снеговик
Өтілу барысы:
-Балалар,орнымыздан тұрып,бізге қонаққа келіп отырған апайлармен амандасып алайық!
Сәлеметсіздер ме!
Здраствуйте!
Good moning!
-Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар.
-Балалар,бүгінгі өтілетін ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз, біз өзіміз жақсы көретін аққала туралы болмақ.
Тақырыбы: «Аққала» деп аталады.
-Олай болса,барлығымыз назарымызды сиқырлы экранға аударайық.
Кешегі күнгі серуенді есімізге түсірейік. (Слайд арқылы көрсету)
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег,аққала-снеговик
Аққаланы жасау жолдарын түсіндіру.
Ғажайып сәт:
(Осы сәтте топқа Аққала кіріп кіреді.)
Аққала:
Мен Аққала,Аққала,
Келіп қалдым бақшаға.
Екі көзім қап-қара,
Білгің келсе сен қара!
-Ой,сәлеметсіңдер ме,балалар?!
-Сәлеметсізбе,Аққала?!
-Сендер мені таныдыңдар ма?
-Иә,сен Аққаласың
Аққала: -Кеше сендер мені жасап,ойнап болып кетіп қалғаннан кейін,мен жалғыз өзім қатты қорықтым,балалар мен сендерден көмек сұрап келдім.Сендер маған көмектесесіңдер ма?
Балалар: -Әрине,сен қорықпа,біз саған көп достар жасап береміз.
Тәрбиеші:
-Ендеше ,балалар,біз аққалаға достар жасап беру үшін,қазір текшелер арқылы үш орталыққа бөлінеміз.
Өнер орталығы:
Қағаз бетіндегі аққаланың бейнесіне тұзды себе отырып,дәстүрден тыс аққаланың суретін саламыз.
Үстел-үсті орталығында:
Қалдық материалдармен,күрішті пайдаланып аққаланы жасаймыз.
Зерттеу орталығында:
Судың қасиеттерін зерттейміз.
Балалар орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.
Тәрбиеші шылдырмақты қағу арқылы балаларды ортаға шақырады.
Сергіту сәті: «Аққала» (Музыка арқылы қимылдар жасайды.)
Балалар орталықтарға ауысым жасайды.
Тәрбиеші шылдырмақты қағу арқылы балаларды ортаға шақырады.
(Балалар орталықтағы жасаған жұмыстарын айтады.)
Ойын: «Аққала»
Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы аққаланы құрастырады.
Тәрбиеші: –Аққала,саған біздің оқу қызметіміз ұнап жатыр ма?
Аққала: -Әрине,маған сендермен болған өте ұнайды.Бірақ,сендердің топтарың жылы екен,мен еріп кетемін бе?-деп қорқып тұрмын.Менің тезірек салқын жерге шығуым керек.
Аққала дайын болған сыйлықтарды алып,балаларға рахметін айтып,қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар,балалар!
Бүгінгі оқу-қызметіне бәрің белсене қатыстыңдар!Сендерге көп-көп рахмет!
-Сендерге бүгінгі оқу –қызметі ұнады ма?
-Көңіл-күйлерің қалай? Қане,көрсетейікші.
Ендеше,балалар, үнемі осындай көңіл-күйде жүрулеріңе тілектеспін!
Смайлик таратылады.Балалар келген қонақтармен қоштасады.