«Үлгі бойынша санау»
Жаңаөзен қалалық білім бөлімі
«Рахат бөбекжай-бақшасы»
жедел басқару құқығындағы
МКҚК тәрбиешісі
Шапаева Асем
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: «Үлгі бойынша санау»
Мақсаты: Заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (5 саны көлемінде) ; екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету; саны жағынан бірдей, бірақ әтүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықтау; тәулік бөліктері туралы білімін нығайту; заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды 1-5-ке дейін санату. Суретте көрсетілген заттарды санату.
Қостілдік құрам: Сан – цифр, тәулік – сутка.
Әдіс –тәсілдер:Көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Әрекеттер кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбер:
Қайырымды жандар айнала, Шеңберге келсін жайлана. Жалықпастан қайта біз, Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз
|
Шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды
|
Ізденуші ұйымдастыру |
Балалар бүгін біз ойыншық дүкеніне барамыз.
– Балалар ойыншық дүкенінде нелер сатылады? -Балалар біз ойыншық дүкеніне келдік, ойыншық дүкенінде нелер бар екен? Балалар сөреде қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар? Сөреге 4 кірпі, ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды. Балалар кірпі қанша? Тиін нешеу? Қайсысы аз (көп): кірпі ма әлде тиын бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба? Олардың саны тең болу үшін не істеу керек? 1 тиінді алып тастайды , олардың теңескенін 1 кірпінің астына 1 тиінді қою арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 кірпі қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді. «Кірпі қанша болса, тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді. . Тәрбиеші балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады. -Тақия нешеу? Етік ше? -Қайсысы артық, қайсысы кем? «Артық», «кем» сөздерін қолдануға үйрету. Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек? Тәрбиеші балаларға, яғни: 5 етік, 5 тақия болғанын түсіндіреді. Сергіту сәті. Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін, Болып шықты он саусақ.. Тәрбиеші балаларға өлең оқып береді. Санауды біз білеміз, Сандарды да білеміз, Сондықтанда атамның Құстарын санап береміз, Бір, екі, үш, төрт, бес, Бірден санап шеш! Содан соң балаларға сұрақ қойып, тапсырма береді. -Тордың ішінде неше құс бар? -Ағашқа неше құс қонып тұр? -Қайсысы артық, қайсысы кем? -Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса, сонша дөңгелек салыңдар. -Ағашта қанша құс болса, төмендегі жолаққа онша дөңгелек салыңдар. -Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстыраңдар. Олардың саны қанша? Бұл жайлы не айта аласындар? Ойын: «Түсті танисын ба?» Шарты: Суретке қарай отырып атын атау, түсін ажырату.
|
-Ойыншықтар.
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге тырысады. 1 тиінді алып тастайды. Балалар сергіту сәтін орындайды. Балалар өлең мен тапсырманы мұқият тыңдайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
|
Рефлексті түзетуші | Өзін- өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Тақия нешеу? -Ал етік ше? Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
|
Балалар өздері жасаған жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тәулік бөліктерін, өзіне қатысты тұрғыда заттардың орналасуын сөзбен баяндауды.
Үйрену: Саны жағынан аз топқа жетіспей тұрған затты қоса білуді.