Менің сүйікті ойыншығым
№1«Балапан» кіші тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты: Ойыншықтар жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері: а) Ойыншықтар туралы әңгімелесу, оларды сипаттап айтуға үйрету. ә) Сөздік қорын молайту. б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, (қонжық, мәшине, доп).
Әрекет кезеңдері Тәрбиенің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де.
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.
-Күз мезгілі.
-Үш ай бар.
Іздену ұйымдастырушы
-Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз.Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру:
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды.
-Балалар қараңдаршы. Қандай әсем,әдемі ойыншықтар.
-Біз бүгін осы ойыншықтар туралы көбірек білетін боламыз.
-Балалар ойыншықтар бірнеше топқа бөлінеді.
Олар; қатты ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар, резеңке ойыншықтар.
Қатты ойыншықтарға мәшине,ұшақ,пойыз жатса,жұмсақ ойыншықтарға аю,қоян жатады.
Резеңке ойыншықтардың жұмсағы да, қаттысы да болады.
Сергіту сәті.
Ғажайып сәт:
Топқа қоян кіреді.
-Сәлеметсіздерме балалар мен сендермен, қызық ойын ойнау үшін келдім. Дорбам толы сыйлықтар, кім жақсы ойын ойнаса , сыйлықтарды аямаймын.
Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Қоян көрсеткен ойыншықтың, балалар атын атайды
-Балалар сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдерме?
– Қандай ойыншықтарды білесіңдер?
Қимыл келтіріп жаттығуды орындайды
Рефлекциялық түзетушілік Қорытынды.
-Балалар ойыншықтарды сындыруға болама?
-Досымыздың ойнап отырған ойыншығын тартып алуға болама?
Балалар ойыншықтарды сындырмай ұқыпты ойнаймыз,ойыншықтар біздің достарымыз.Мақтау мадақтау.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықты сипаттауды;
Игереді: ойыншық туралы түсінікті;
Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды.