Тақырыбы: Жыл мезгілі

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
Жаз және күз мезгілдеріның айырмашылықтарын әңгімелеуге үйрету.
Міндеттері:
а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.
ә) Саусақ моторикасын дамыту, «ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру; балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, өз ойын ауызша жеткізуге баулу.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды; түсінеді: «Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды; қолданады: суретке қарап әңгімелеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде күз немесе жаз мезгілінің суреттері болу керек. Жаз және күз мезгілінің суреттері, сөйлеуді дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: күз, жаз.
Билингвалды компонент: күз – осень

ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ойын: «Ғажайып текше»
Мақсаты: күз және жаз мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында күз және жаз мезгіліне сәйкес суреттер жабыстырылады. Мысалы: Сарғайған жапырақтар көрсе, ол – күз мезгілі.
Балалар шомылып жатқан сурет түссе, ол – жаз мезгілі.
Сұрақ-жауап:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын кім атап береді?
Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
Ал жаңбыр қалай жауады?
Оның дыбысы қандай? (Тырс-тырс, тырс-тырс).
Жаңбыр тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. «Тырс-тырс» соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз?(«С» дыбысы)
Салқын жел қалай соғады? (У-у-у-у-у).
Ал егер де жел күшейсе ше?
«У» дыбысына жаттығу жасату.
У-у-у-у-у – уылдырық. У-у-у-у-у – улы.
Балалар, ең бастысы күз мезгілінде жапырақтар не істейді?
Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
Осы жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? Әңгімелеу: «Жаз, күз» мезгілдері (сурет бойынша) Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу.
Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады. Мысалы: Мен мына суреттен «жаз» мезгілі жайында көріп тұрмын. Әңгіменің тақырыбы: «Жаз мезгілінің қызықтары» деп аталады.
Сергіту жаттығуы.
Түн болды, Жел соқты, Жел қатты соқты. Жаңбыр жауды, Жаңбыр қатты жауды. Жаңбыр тоқтады, Күн шықты, Таң атты!
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балаларды жапырақтардың түсін ажырату арқылы, жылдамдылыққа үйрету және әсем безендіруге баулу. Ойын шарты: Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі ағаштарды жапырақтармен безендірейік. Біреуін күз мезгіліндегі, ал екіншісін жаз мезгіліндегі түске безендір.
«Жайлау көркі» өлеңін оқу.
Табиғат әлемі Гүл толған әдемі. Ұйқы ашар сағаттай Бозторғай әуені.
(Б.Тәжімбетов) – Бозторғай дегеніміз не?
Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің жайқалып, көп болып өсуі туралы айтылған? Бұл қай мезгіл? (Жаз)

Бұлбұл қайда әнімен
Оятатын тербетіп,
Теңселеді алып емен,
Жаңбыр жауды желдетіп. («Күзде» өлеңі, Т.Молдағалиев)

Балалар, бұлбұл – құстың аты. Кәне, бірге қайталайық (бұл-бұл).
«Ұ» дыбысына дұрыс айтылуына жаттығу орындау.
Ұ-ұ-ұ- ұл
Ұл-ұл-ұл –Ұлпан Ұй-ұй-ұй – ұйқы
Бұл-бұл-бұл – бұлбұл
Бұ-бұ-бұ – бұзау
«Ұ» дыбысының ауыздан еш кедергісіз, емін-еркін шығатындығын, яғни оның дауысты дыбыс екендігін айту.
Табиғаты тамаша Отанымыз Қазақстанға тамсанбау мүмкін емес. Балалар, сендер Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса, Отанымыз Қазақстанға арналған өлең жолдарын айтайық.
Тақпақты мұқият тыңдауға тырысады. «Қазақстан – менің Отаным» өлеңін оқу.
Асыл өлкем ерекше, Қазақстан мекенім!
Беп-белгілі емес пе? Сенің ғажап екенің!
(Д.Елайқызы)
«Отан оттан да ыстық» деген мақал бар. Балалар, не себепті Отанды оттан да ыстық дейміз?
Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.
3.Қорытынды кезең (рефлексия)
«Ұ» дыбысын қайталатып айтқызады, осы дыбысты қатыстырып, мысалдар келтірткізеді. Балалар дыбысты дұрыс айтуға тырысады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *