Қысқы орманға саяхат

Тлепкалиева Мергуль Бейбитовна

Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу –  қызметі:

Мақсаты:Балалардықыс мезгілін сипаттау арқылы табиғат тамашаларымен таныстыру, өлең, тақпақ арқылы балаларға қысқы табиғат көріністерін меңгертіп, рухани дүниесін байыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуді үйрету, дидактикалық ойын арқылы тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: «Қысқы орман»,Қыс көрінісінің суреттері.

 

-Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу – қызметімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтар мен амандасып алайық.

-Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Арайлап таң атты,

Алтың шуақ таң атты.

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң қонақтар.

Қайырлы күн балалар.

-Балалар қазір жылдың жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің ерекшелігін айтыңдаршы? Ия дұрыс айтасыңдар Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы? Қыста балалар қандай ойын ойнайды?  (Балалардың жауабы)

-Балалар мен бірнеше жұмбақ жасырамын  жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші.

  1. Қолымды созсам,ақ үлпек алақанға қонады.

Ашып – жұмсам лезде жоқ болады.Бұл не? (Қар)

 

  1. Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады? Бұл не? (Аяз)

-Керемет жұмбақты жақсы шештіңдер  жарайсыңдар.Даладан желдің даусын естілгендей, мүмкін орманға саяхатқа шығармыз. Дала тегіс аппақ,күн  аяз салқын болғандықтан шаңғымен барамыз.Орманда айқайлауға  болмайды, бір – біріміздің артымыздан қалып қоймай біріміздің артымыздан жүреміз. (шеңбер бойымен жүреді)

Міне орманғада келдік орман тып – тыныш  екен.Қыста аю,кірпі ұйқыға кетеді.  Балалардың алдынан аю шығады.

Аю:Бұл не шу, не айқай менің ұйқымнан оятыңдар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе? Аю ашулаңбаңыз біз орманға саяхатқа келдік. Қазір біздің балалар сенің көңіліңді көтеріп тақтақтарын айтып береді.

1.Сәтке қарап тұрмайсың

Көңілді еді қыс қандай,

Шаңғыменен зырлаймыз

Қанат қағып ұшқандай.

  1. Уақыт көп бөлеміз,

Қыс қызығын көреміз.

Сары аязды шақырып,

Шымыр болар денеміз.

3.Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып жылтыр боп жатады.

Аю:Жарайсыңдар балалар менің көңілімді көтердіңдер,балалар айналаға қараңдаршы шырша неткен көп.Осы шыршамен ойын ойнайық.

Д/О «Биік – аласа»

Аю:рахмет балалар менің көңілімді көтердіңдер.Менің қайтатын уақытым болды, ұйқым келді, сау болыңдар.(балалармен қоштасады.)

Тәрбиеші: балалар қараңдаршы шыршаның түбінде не бар? Ол не?

Балалар: Қоян бар

Тәрбиеші: Ол қандай? Оның несі бар? Ол не жейді?

Балалар:орамжапырақ, сәбіз жейді.

Қоян: Амандасады,күн салқын қыста тамақ табу қиын.Менің ойым ойнағым келіп тұр.

Тәрбиеші:Ойын ойнайсыңдарма ?

Балалар:Ия ойнаймыз.Қане олай болса жылынып сергіту сәтін орындайық.

Бармақ болып тоғайға,

Сұр көжегім жуынды

Бетін жуды.

Көзін жуды,

Басын жуды,

Аяғында жуды

Сілкінді, сүртінді,

Тап – таза боп, бір тыңды

Балалар қане біз қоянға азық табуға көмектесейік.

Д/О Көжекпен ойнайық.

Қоян. рахмет балалар сендермен өте көңілді болды.Мен қайтайын.(қоштасады)Орман ішімен келе жатса алдынан түлкі шығады.

Түлкі:сәлеметсіңдерме балалар Мен – кіммін?Ия дұрыс айтасыңдар мен туралы қандай ертегі білесіңдер?

(Балалардың жауабы) Балалар орман сондай әдемі орманға аққала жетіспей тұр, қане бірге аққала құрастырайық.

Д/О «Аққала» ,компьютермен аққала құрастырады

Түлкі орман қандай әдемі болды мен кетейін достарыма барайын балалар сауболыңдар. Орман ішінен орманшы шығады.

Орманшы:Амандасады. Ал, балалар саяхатқа келіпсіңдер сендер осы қауіпсіздік ережесін білесіңдерме?

Слайд « Болады – болмайды»

Орманшы: Жарайсыңдар ақылды екенсіңдер балалар мен сендердің ептіліктеріңді көрейін.Қане ойын -ойнайық.

Тәрбиеші: ойнаймызба балалар (Ия ойнаймыз)

Қ/ О Кар лақтыру.

Тәрбиеші: Қане балалар қайтатын уақытымызда болды.Топқа барайық. (Топқа оралу)

Қорытынды нәтиже:

Балалар орманға саяхат ұнадыма? Кімдерді кездестірдік?

Қандай тапсырмалар орындадық?

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *