Мектеппен танысамыз
Каракойшиева Алтынгул Кайрболовна
Тақырыбы | Мектеппен танысамыз | ||
Күтілетін нәтиже
|
|
||
ҰОҚ мақсаты
|
Мектептегі қызметкерлердің еңбегі туралы түсіне алады және мектеп қызметкерлеріне сыйластық таныта алады. | ||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | 4 К моделі, «Ой қозғау», «Ашық микрофон», «Балмұздақ таяқшасы», | ||
Ресурстар, дамыту орта | Презентация, Мектеп ішіндегі кабинеттердің, спортзалдың суреттері, микрофон, балмұздақ таяқшалары(сұрақтармен), әр балаға тақтаның суреті | ||
ҰОҚ жоспарлау | |||
ҰОҚ жоспарын жүзеге асыру кезеңдері/уақыт | Педагог әрекеті | Балалардың әрекеті | |
Басталуы | (Ұ) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын
анықтау. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыркүйек айында балалар қайда барады? Балаларды мектеп ғимаратымен таныстырады. Мынау – біздің мектеп. Мектепте кімдер жұмыс жасайды? Қандай ережелерді сақтаймыз? «Ой қозғау» әдісі Н. Айтовтың немесе басқа да ақындардың мектеп туралы жазған өлеңін оқиды. СТО стратегиясы: Сұрақ: Өлең не туралы? Неліктен сен ойладың?
Балалардың жауаптарын толықтырамын. – Мектеп – жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты мақсаты – ҰОҚ оқыту. Оны мұғалім атқарады. |
Сұраққа жауап береді. |
|
Негізгі бөлімі | (Ұ) Ойын: “Мектеппен танысамыз”. Балаларға мектеп
ішіне саяхат жасауды ұсынамын.
Креативтілік: «Ашық микрофон» әдісі бойынша Суреттегі құрал-жабдық, жиһазға қарап, қандай бөлме деп ойлайсың? Киім шешетін жер, Сынып бөлмесі (кабинет), Спортзал, асхана, кітапхана
Командалық жұмыс: Жұптық тапсырма: әр жұпқа түрлі бөлме суретін беріп, сол бөлмеде қандай ереже сақтау керек, құрастырып, айту.
«Балмұздақ» әдісімен Сурет бойынша сынып кабинеті қандай болатынын әңгімеле. – Сынып бөлмелерінде балалар не істейді? – Сынып тақталары не үшін керек? – Сынып бөлмелері неге кең және жарық? – Сынып бөлмелерінде парталар неге көп? Мұғалімнің үстелі неліктен парталарға қарама-қарсы қойылған? |
Презентация арқылы Мектеп ішіндегі
кабинеттердің, спортзалдың суреттерін тамашалайды.
Микрофонмен әр бөлмені сипаттап, не үшін арналғанын айтады.
Жұппен ереже құрастырады.
«Таяқшаны» таңдап сұраққа жауап береді |
|
Қорытынды бөлімі | ***оқу қызметті нені білдім, қандай жаңа нәрсе үйрендім?
*** бүгінгі ҰОҚтен не алдың? *** қандай ой салды? ** не түсініксіз? Неліктен? *** Мен және біз болашақта нені күтеміз? «Отшашу» әдісімен бір-бірін бағалайды
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан тақтаны кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраймыз: • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
|
Сұракка жауап береді.
«Отшашу» әдісімен балалар бір-бірін бағалайды
Өз жұмыстарын бағалап, алдын ала берілген тақтаның суретін бояйды. |