Колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады

Колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады

Колледж
Педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды.
Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтан оқиды. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі.
Алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады).

Бакалавриат
Жоғары оқу орындарында студенттер негізінен қашықтан оқыту форматында оқиды.
Педагогикалық ғылымдар, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды.
Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар онлайн, зертханалық және практикалық сабақтар штаттық режимде өткізіледі.

Магистратура мен докторантура
Сабақтар ішінара қашықтан оқытылады.

Интернатура мен резидентура
Оқу дәстүрлі формата жүретін болады.

@edu_news_qz

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *