Өнегелі өмір: Ыбырай Алтынсарин. Оқылым стратегияларын қолданып оқыту

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
3-бөлім: Өнегелі өмір (әйгілі адамдардың өмірі)

 Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т1)  

Мектеп: Семей қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

5, 6-сабақ, 80 минут

Мұғалімнің аты-жөні: Жайсаңбаева Ақбота Нұрғалиқызы
Сынып: 9 Қатысқандар:   Қатысқандар: 
Сабақтың тақырыбы Өнегелі өмір: Ыбырай Алтынсарин
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары О6.Оқылым стратегияларын қолдану (Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу).

Ж3. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну (Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге (диаграмма, кесте) айналдырып жазу).

Сабақтың мақсаттары Мәтіндегі ақпараттардың негізгісін іріктей алады. Мәтіндегі ақпаратқа байланысты өз көзқарасын білдіре алады. Мәтінге сараптама жүргізе алады. Автордың тілдік қолданысына талдау жасай біледі.

Мәтінде берілген деректердің маңызды тұстарын саралай алады. Мәтінді түрлі формада ұсына біледі.

Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:

Өткен тақырыптарды жаңа тақырыппен байланыстыра біледі. Тілдік құралдар мен стиль түрлерін сәйкестендіре алады. Тақырыпқа байланысты сөйлемдер арқылы болжау жасай алады. Мәтіндегі әр азат жолда берілген ойды анықтай біледі.

Оқушылардың көбісі:

Болжау себебін түсіндіре біледі. Ағартушының өміріне қатысты деректерді Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қолдана отырып оқи алады. Оқу стратегияларын орынды қолдану арқылы ақпараттарды саралай біледі. Оқу нәтижелерімен бөлісуде ойын жүйелі жеткізе біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге (диаграмма, кесте, карта) айналдырып жаза алады.

Бағалау  критерийлері
  •  Сөйлемдер арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжай алады.
  •  Оқылым стратегияларын, оның ішінде,комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу стратегияларын орынды қолдану арқылы ақпараттарды саралай біледі.
  •  Мәтіндегі әр азат жолда берілген ойға талдау жасай алады.
  •  Оқылған мәтіндегі ақпаратты әртүрлі формада ұсына алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар түсінеді және сипаттайды…

Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: өнегелі өмір, белгілі тұлға, жазушы, ақын, ұлт мақтанышы, ағартушы, ғалым, зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері, т.с.с.

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің ойымша…

Бір жағынан…

Мен осы көзқараспен … келісемін/келіспеймін.

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Жауапкершілік (топтың әр мүшесінің өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр топтың не жұбының ойына, пікіріне құрметпен қарауы, қазақтың біртуар тұлғаларына, олардың өнегелі мұраларына деген құрмет).

Адалдық (өзге топтың жұмысын критерийге сай әділ бағалай алуы).

Осыған дейін меңгерілген білім О2.Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану (Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану).

О4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау(Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау).

Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер, қажетті құралдар
Сабақтың басы

1 минут

 

 

2 минут

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

2 минут

 

 

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу

ІІ. Оқушыларды түгендеу

ІІІ. Топтастыру

Оқушылар «Таяқша» әдісі арқылы бес оқушыдан  топтасады.

ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру

«Cтиль ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар арқылы тану» тақырыбын қайталап келгендерін тексеру.

«Бес бекет» тапсырмасы:

1-бекет: Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмасалатын, эмоцияға, экспрессияға, ойды бейнелі жеткізуге жол бермейтін стиль.

2-бекет: Оқырманның көңілін аударту мақсатындағы риторикалық сұрақтар не лепті сөйлемдер көп қолданылатын стиль.

3-бекет: Қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылатын стиль.

4-бекет: Қалыптасқан штамп сөздер қолданылатын стиль.

5-бекет: Бейнелі, образды сөздер мен сөйлемдер қолданылатын стиль.

Бекет атаулары (әр тапсырма жауабы түрлі қағазға шығарылуы керек): ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу стилі, ресми ісқағаздар стилі, көркем әдебиет стилі

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Стиль ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар тани біледі. Тілдік құралдар мен стиль түрлерін сәйкестендіру. Кем дегенде, 4 тілдік бірліктерді қай стильде қолданылатындығына қарай сәйкестендіре алады.

 

1

1

1

1

1

 

 

Барлығы: 5

Ү. Өткен сабақты еске түсіру (оқушыларға микрофон ұсыну арқылы өткен сабақты еске түсірту):

Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Сабақ барысында қандай әркеттерді іске асырдық?

Өткен сабақтан не түйдік?

 

ҮІ. Жаңа сабақ мақсатын айқындау.

Сабақ мақсатымен таныстыру және осыған дейін меңгергендері бойынша БЛОБ ағашы арқылы өз орнын белгілейді (2-3 оқушыдан сұрау).

  

сынып оқушыларының аты жазылған таяқшалар

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

бағалау кестесі

 

 

 

 

 

 

 микрофон

 

   

 

презентация, БЛОБ ағашының суреті

Сабақтың ортасы

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

4 минут

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

1 минут

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4минут

 

4 минут

 

 

5 минут

 

 

 

3 минут

Мағынаны ашу немесе мақсатқа жету үшін әрекеттер кезеңі:

1-қадам. Оқылым алдындағы тапсырма С/Ж, Ж

Болжау тапсырмасы: берілген сөйлемдерге сүйене отырып, жаңа тақырыпқа, көтерілетін мәселеге болжау жасаңдар.

      Ол – қазақтан шыққан ағартушы.

      Оның «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегі бар.

      Ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскиймен хат алысып тұрған.

Талдау тапсырмасы: Болжау себебін 2 сөйлеммен түсіндіріңдер.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Сөйлемдер арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжай алады. 1. Берілген сөйлемдерге сүйене отырып, жаңа тақырыпқа, көтерілетін мәселеге болжау. Кем дегенде, 2 сөйлем арқылыжаңа тақырыпқа, көтерілетін мәселеге болжау жасай алады.

 

1

1

1

 

2. Болжау себебін түсіндіру. Болжау себебін                    2 сөйлеммен түсіндіре алады. 1

1

Барлығы: 5

 

2-қадам

Оқылым тапсырмасыТ/Ж

Мәтінмен жұмыс: ағартушының өміріне қатысты деректерді Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қолдана отырып оқиды.

1-топ: мәтіндегі ақпаратты іріктеп оқиды.

2-топ: мәтіндегі ақпаратты комментарий жасап оқиды.

3-топ: мәтіндегі ақпараттың мазмұнын, мақсатын, стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын талдап оқиды.

4-топ: мәтіндегі ақпараттың тілдік деңгейін талдап оқиды.

Өнегелі өмір: Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, ақын, аудармашы, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысы, Арқарағай ауылы. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын атасы Балқожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Одан соң Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы              8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен толықтырады. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай қазақ қыздары үшін арнайы Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат ашады.

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Сол ойын іске асыру мақсатында қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.

Ыбырай жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде көрініс тапқан. Ол «Өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не?» секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ-қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Ыбырай К.Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды (380 сөз).

 

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қолдана отырып оқи алады. Мәтіндегі ақпаратты іріктеп оқу (1-топ);

комментарий жасап оқу (2-топ);

мәтіндегі ақпараттың мазмұнын, мақсатын, стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын талдап оқу (3-топ); мәтіннің тілдік деңгейін талдап оқу (4-топ).

Кем дегенде, 5 негізгі ақпаратты іріктей біледі.

 

Мәтіндегі 5 ақпаратқа комментарий жасау кезінде өз ойын жүйелі жеткізе біледі.

 

Мәтіндегі ақпараттың мазмұнын, мақсатын, стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын талдай алады.

 

Мәтіннің тілдік деңгейін талдай отырып, 5 мысал келтіре алады.

5

 

 

 

5

 

 

 

1

1

1

1

1

 

 

5

Әр топта барлығы: 5

 

3-қадам

Оқылымнан кейінгі тапсырма Ж/Ж

Жаңа топ құру:

      «Санамалау» әдісі арқылы топта беске дейін саналып, төрт оқушыдан тұратын жаңа топ құрады.

Оқу нәтижесімен бөлісу:

      «Джигсо» әдісі арқылы Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу) қалай қолданғанымен бөліседі, жаңа топта талда қорытындыларымен бөліседі.

Өзара топтық бағалау: берілген Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар топтың әр мүшесін өзара бағалайды.

 

5-қадам

Жазылым алдындағы тапсырма Т/Ж, С/Ж

      Оқушылар бастапқы топтарына оралады.

      Оқылымға берілген мәтіндегі әр азат жолда берілген ойға топта талдау жасайды:

1-азат жолда ағартушының өмір сүрген жылдары, туып-өскен жерлері, білім алған орындары, атқарған қызметтері туралы айтылған.

2-азат жолда қазақ балалары үшін ашқан мектептері, бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер, қазақ қыздары үшін арнайы мектептерді қай жерлерде ашқандығы туралы берілген.

3-азат жолда ашқан мектептері үшін жазған дидактикалық оқу құралдары және «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы туралы жазылған.

4азат жолда Ыбырайдың жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, өлеңдері мен аудармалары туралы берілген.

      Топтық талдау нәтижелерімен бөліседі.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Мәтіндегі әр азат жолда берілген ойға талдау жасай алады. Мәтінде берілген ойларды анықтау. Кемінде, үш азат жолда берілген ойларды анықтай біледі.

Өз ойын талдай отырып, мәтіннен екі мысал келтіре алады.

3

 

 

 

2

Барлығы: 5

 

6-қадам

Жазылым тапсырмасы Т/Ж

v  Топта мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге айналдырып жазады.

1-топ: мәтінді хронологиялық кестеге өзгертеді.

2-топ: мәтіндегі ақпарат бойынша карта жасайды.

3-топ: мәтіндегі ақпараттың мазмұнын графиктік мәтінге айналдырады.

4-топ: Ыбырай Алтынсарин қырларын ашатындай ассоциация сызбасын жасайды.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Оқылған мәтіндегі ақпаратты әртүрлі формада ұсына алады. Мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын анықтай отырып, графиктік мәтінге (диаграмма, кесте, карта) айналдырып жазу  Оқылым мәтіндегі ақпараттарды жүйелі жеткізе алады (түсініктілігі).

 Ақпараттық графиктік мәтінді (диаграмма, хронологиялық кесте, карта) креативті құрай біледі (ерекшелігі).

 Жазылым жұмысын сауатты әрі көркем құрай алады (тазалығы).

2

 

 

 

2

 

 

 

 

 

1

Барлығы: 5

 

7-қадам

Жазылымнан кейінгі тапсырма Т/Ж

Құраған графиктік мәтіндерін өзара топтар арасында сағат тілі бойынша алмасады.

ҚБ: Топтық жұмыстарын Бағалау критерийіне сай  топта тексеріп, бір-бірлерін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

 

8-қадам. Қорытынды

Сабақ мақсатын ұғынғаныңды БЛОБ ағашы арқылы өз орныңды белгіле.

9-қадам

Үй тапсырмасы

Ы.Алтынсариннің өлеңдерін, әңгімелерін, аудармаларын, зерттеу еңбектерін (әр топқа біреуі) қарастырып келу.

Бағалау критерийі:

v  Кем дегенде, 2 өлеңін, 2 әңгімесін, 2 аудармасын, 2 зерттеу еңбектерін біледі.

 

 

 

 

презентация

 

сөйлемдер тізбегі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бағалау кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқылым мәтіні

 

https://www.zharar.com/kz/referat/1331-altynsarin.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

презентация

 

 

 

бағалау кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

 

 

презентация

 

 

 

 

 

мәтін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бағалау критерийлері

 

 

 

А3 форматындағы парақ, түрлі-түсті фломастерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

презентация, БЛОБ ағашының суреті

 

Сабақтың соңы

4 минут

                      Кері байланыс «3-2-1»:

     Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

     Қиындық тудырған 2 аспект;

     Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

 

презентация

Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қарапайым деңгей:

Мәтіндегі ақпараттардың негізгісін іріктей алады. Мәтінді хронологиялық кестеге өзгерте біледі.

Орта деңгей:

Мәтіндегі ақпаратқа байланысты өз көзқарасын білдіре алады. Мәтіндегі ақпарат бойынша карта жасай алады.

Жоғары деңгей:

Мәтінге сараптама жүргізе алады. Автордың тілдік қолданысына талдау жасай біледі. Мәтіндегі ақпараттың мазмұнын графиктік мәтінге айналдыра алады.

Оқуды қадағалау.

Сұрақ – жауап.

Өзара топтағы бағалау.

Бағалау критерийі арқылы әр топқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын.

Топтар  бірі-біріне қолдау көрсетеді.    

Тарих пәнімен байланыс.

АКТ қолдану мүмкіндіктері(презентация).

Топпен жұмыс істеу дағдылары, құндылықтарды есте ұстау (бір-біріне құрмет, ісіне жауапкершілікпен қарау, бағалауда адал болу).

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

ен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағалау

 

 

Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

 

 

2:

 

 

Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)?

1:

 

 

2:

 

 

Менің келесі сабағымда ескерілетін,  бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім?

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *