«Сүйікті ойыншықтар»
Жанова Мереке Хыдыровна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№16 «Ертегі» балабақшасы
Қызметі: тәрбиеші
Материал тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар.
Мақсаты:а) Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету.
ә) «Ң» дыбысын қайталау, дұрыс айтуға жаттықтыру.
б) ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: жұмсақ, резеңке.
Көрнекіліктер:№8 демонстрациялық материал. (түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды ойын бұрышында ойнату.
Сөздік жұмыс: Ойыншықтар, қуыршық, машина.
Билингвальды компонент: Ойыншықтар – игрушки, қуыршық – кукла, машина – машина.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Педагогтің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұрғызады. Дос болып біз жүрейік, Ойнайық та күлейік. Достық деген тамаша Міне, тұрмыз жараса. – Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз. |
Шаттық шеңберіне тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.
Қуанады.
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
– Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме? (демонстрациялық көрнекілікті қолдану) – Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?
Билингвальды компонент: ойыншықтар- игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина.
Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді. – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар. Алақай, малақай! Суф! Суф! Ал енді көзімізді ашамыз.
– Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық. 2-3 ойыншықты көрсетеді. (машина, қуыршақ, доп). Мынау не? Машина. Ол қандай? Машина жүргенде «ың-ың-ың» дыбысын шығарады екен. «Ң» дыбысын айтайық. Қайталаймыз. Қайталайды. Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады). Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар. Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық. Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.
Сергіту сәті: Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтыңдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. (І.Жансүгіров)
№8 үлестірмелі материалмен жұмыс. Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау. |
– Иә!
– Қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан т.б. Ойыншықтар – игрушки, қуыршық – кукла, машина – машина сөздерін қайталайды.
Сәлемдеседі.
– Иә! Көздерін жұмады.
– Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді. Ойыншықтарды атап, сипаттайды.
– Мынау – машина. – Ол қатты, қызыл, әдемі. «Ың-ың-ың» деген дыбыс шығарады.
Қоштасады.
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.
|
Рефлексиялық түзетушілік |
– Бүгін бізге қонаққа кім келді? – Қайда бардық? – Нені көрдік? – Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар? Педагог сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды;
Түсінеді: ойыншықтарды, ұқыпты, күтіп ұстау керектігін;
Қолданады: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.