Тарихыңды таны. Интеллектуалдық ойын
Қапышева Асем
Сынып: 5, 6, 7 сынып.
Мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
- Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөз қорларын байыту.
- Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: интеллектуалды ойын.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Тарихыңды таны» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен, ақыл ойымен, тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ойынға екі топ қатысады: «Қыран» және «Сұңқар».
Сонымен, «Білім – білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойынымызды бастайық.
Ойын 5 турдан тұрады.
1- ТУР ОЙЛАН ТАП
2-ТУР БҰЛ КІМ?
3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ
1-Тур
ОЙЛАН ТАП
1 топ.
- Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар? – Жәнібек пен Керей
- Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың (күйдің) классигі – Құрманғазы
- Сақ қоғамы неше топтан тұрады? – 3 топтан: абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер
- Ерте палеолит – 2,5 млн-12 мың жыл
- Мезолит – 12-5мың жыл
2 топ.
- Жер беті күрт суи бастады – 100 мың жыл бұрын
- Неолит – 5-3 мың жыл
- Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар – қытайлар
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? – 1991жылы, 16 желтоқсан
- Қазақстан Республикасы жер көлемінен нешінші орында – 9 орын
1 топ. 1. РХЕАГИЯОЛО – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
- ТРОЕПФЛИГ – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.
- АЕПКТИОСРТЛВА – ең алғашқы адам.
2 топ. 1. ГРАЭТФИЯНО – әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.
- ТСИРМОИ – сақтардың ханшайымы.
- ПОСЭК – 2017 жылы Астанада өтетін дүниежүзілік көрме. Тақырыбы: «Болашақтың энергиясы».
2-ТУР
«БҰЛ КІМ?»
1 топ.
- Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520 ж.ж.
- «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? Тауке хан
- Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттен екінші ұстазы аталған данышпан ойшыл, энциклопедист ғалым кім? Әл-Фараби
- Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан
- «Географияның» авторы. Оның кітабында Кавказ бен Орта Азиядағы ежелгі халықтар мен тайпалар туралы көптеген құнды мағлұматтар келтірген. Ежелгі грек тарихшысы және географы. Б.з.б. 64 жыл – б.з-дың 24 жылдар шамасында өмір сүрген. Страбон
2 топ.
- Қазақтың тұңғыш шығыстанушы, ғалымы, географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, әрі суретші. Қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов
- Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Автономиялық қазақ үкіметінің басшысы, «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған, 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім? Ә.Бөкейханов
- Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы, атасы Түркістан билеушісі болған,
1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.
- Қазақ тілінде тұңғыш «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған ғалым-ағартушы.
Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.
- Б.з.б. 484-425 ж.ж. шамасында өмір сүрген грек тарихшысы. Цицерон оны «тарихтың атасы» деп атаған. Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазған. Геродот
3-ТУР
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
1 топ.
- Бұл жәдігер қай ғасырда, қай тайпаға тән? V-IV ғ. Сақ
- Суретте қай ғашықтардың мазары көрсетілген? Қозы Көрпеш – Баян Сұлу
ХІІІ-XIV
- Бұл қандай оқиға? 1986 жыл 16-17 желтоқсан
2 топ.
- Уақытын және қайдан табылғанын айт? 1969 ж. Есік қорғаны Жетысу К.Ақышев
- Бұл қай билеуші? Ол туралы не білесіңдер? Шыңғыс хан 1155-1227 ж.ж.
- Бұлар кімдер? Бұл тұлғаларды қандай қоғам біріктіреді? А.Байтұрсынов 1873-1937, Ә.Бөкейханов 1866-1937, М.Дулатов «Алаш партиясы»
4-ТУР
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Тәулсіз ел атандық биік даңқың,
Бар әлемге әйгілі мәлім атың.
Ата-баба қанымен келген бізге
Тәуелсіздік құт болып қонды елге.
1 топ.
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991
- Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданған жыл? 1992
- Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? Көшпенділер
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енген жылы – 1993
- Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына қашан мүше болды? 1992
2 топ.
- Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? 1998 жыл, 10 маусым
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жыл, 30 тамыз
- Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қашан мүше болды? 1992 жыл, 2 наурыз
- «Тәуелсіз монументінің» ұшар басындағы бейнелер?
(алтын адам және жолбарыс)
- Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі (Бәйтерек)
5-ТУР
ҰШҚЫР ОЙ
Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра.
Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ.
Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу.
Көрермендермен ойын:
- Әнұран сөзінің авторлары кім?
- Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? Керей, Жәнібек
- Адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі қалай аталады? Палеолит
- Аталық ру қай кезде пайда болды? Қола дәуірі
- «Алтын адам» қайдан табылды? Есік
- Қазақ халқында «Ақтабан шұбырынды» жылдарын еске түсіретін ән? Елім –ай
- Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістанда кімнің бұйрығымен салынды ?
Әмір Темір
- Орта ғасырлық қаланың кедейлер тұратын бөлігі қалай аталған? Рабат
- «Хан батыр» атағына ие болған батыр? Қабанбай
- XVIIIғ. қазақтардың әдет-ғұрып заңдары? Жеті Жарғы
- Абылайдың кеңесшісі болған атақты ақын? Бұхар жырау
- Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? Абылай хан
- Қазақтың төбе биі кім? Төле би
- Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? Қазыбек би
- Кіші жұздің атақты биі кім? Әйтеке би
- Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушы кім? Ұмай ана
- Астана қаласының бұрынғы аты? Ақмола
Қорытынды:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.
Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718