Ұұ дыбысы мен әрпі
Бегасилова Мейрамкүл
Мақсаты: а/ Балаларға Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру,ұ әрпінің жазылуы
мен оқылуын меңгерту.
ә/ Балалардың сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.
б/ Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа үйрету.
Әдіс-тәсілі: Ой-қозғау,сұрақ –жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктері: Кеспе әріптер,суреттер.
Өткенді қайталау
– Әріп дегеніміз не?
– Дыбыс деп нені айтамыз?
– Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай дыбыспен таныстық ?
-Дұрыс айтасыңдар. Қ дыбысымен
– Қ дыбысы қандай дыбыс ? Өткен әріптерден сөз ойлап айтайық.
Жұмбақ
Ұл,ұлу ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс ,жұмыртқа,бұтақтың
Ортасында келемін. / ұ әрпі /
Ұ дыбысының айтылуы .Ұс-ұс – ұс Қарлығаш- киелі құс
Олай болса ,балалар,ұ дыбысы қандай дыбыс екен? / Слайд/
-Дұрыс ,айтасыңдар дауысты дыбыс. Өйткені жуан және созылып айтылады.
Ұ дыбысын қызыл текшемен белгілейміз.
Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Ойын : «Кім шапшаң?» Буындардан сөз құра.
Бұ –лақ, Құ-лақ,ұ-шақ, құ-шақ, қа-сық, тор-сық.
Тақпақтар
Ұлан біздің ұқыпты
Ұстаз сөзін ұғыпты.
Ұлар,ұзақ торғайдын
Ұяларын қорғайды. Мағжан
Ұлпабастың басында
Ұлу шықты асыға
Ұстап алмақ боп оны,
Ұзақ қонды қасына
Ұмтылғанда ол енді
Ұлу қашты жөнелді Ернұр
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып,ұшып алайық. Айқын
Мақал-мәтелдер
1Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.
2 Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы
3 Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
4 Тіл ақылдың өлшемі
5 Тіл жүйрік емес,ой жүйрік
6 Ата-баланың қорғаны
Бала-ананың бауыр еті.
Суретке қарап әңгіме құра.
Суретте ұзақ құсы .Суреттің астында керекті сөздер берілген,осы сөздерді пайдаланып,әңгіме құрамыз. Ұзақ жыл құсы.Көктемде ұзақ құсы келсе қарттарымыз қуанады екен.Көктем келді деп. Ұзақ егістіктегі зиянды жәндіктерді жеп адам баласына пайдасын келтіреді.
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты» ойыны.
Ұшты-ұшты қарға ұшты
Ұшты-ұшты етік ұшты
Ұшты-ұшты кітап ұшты.
«Басталдақ» ойыны
Ұн
Ұлу
Ұшақ
Ұшқыш
«Жоғалған әріптер»ойыны
1 ұшақ 2 тікұшақ
3 сұрақ 4 құлақ
5 ұшқыш 6 бұлт
Қорытындылау.
Бүгін біз не үйрендік ?
Қандай жаңа сөздер,пайдалы кеңестер үйрендік?