
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуды жоспарлап жүрсіз бе? Онда ең маңызды мерзімдер мен талаптарды алдын ала біліп алыңыз. Төменде 2025 жылғы өтініш қабылдау кезеңі, 2026 жылғы тестілеу аралығы, өтініш беру жолдары және қаңтар ҰБТ-сына кімдер қатыса алатыны толық әрі түсінікті түрде берілген.
Өтініш қабылдау қашан болады?
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 22–30 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Өтінішті қайда және қалай беруге болады?
Өтініш беру екі жолмен жүзеге асырылады:
- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты арқылы: app.testcenter.kz
- UTO қосымшасы арқылы
Тестілеу қашан өтеді?
Тестілеудің өзі 2026 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтеді.
Қаңтар ҰБТ-сына кімдер қатыса алады?
Қаңтардағы ҰБТ барлық талапкерге бірдей арналмаған. Бұл тестілеуге төмендегі тұлғалар қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
(яғни 2026 жылғы мектеп түлектері) - шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар
(қысқаша: шартты түрде оқып жатқандар) - өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына)
(оның ішінде: өткен жылғы мектеп түлектері және колледж түлектері) - ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар)
(яғни: ұлты қазақ шетел азаматтары – қандастар) - шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары)
(яғни: шетелде білім алған Қазақстан азаматтары) - ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар
(яғни: ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері) - ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар
(яғни: ақылы негізде “Педагогикалық ғылымдар” саласына ауысқысы келетін студенттер)
ҰБТ құны қанша?
Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу құны — 5640 теңге.
Пункт, күн, уақытты кім таңдайды?
Тестіленуші ҰБТ-ға өтініш беру кезінде:
- тестілеу өтетін пунктті,
- күнді,
- уақытты — өз еркі бойынша таңдайды.
Қаңтар айындағы ҰБТ — көптеген талапкер үшін мүмкіндік. Ең бастысы — өтініш беру мерзімін өткізіп алмау және қажет санатқа кіретініңізді нақты білу.
Сәттілік!
ҰБТ-ға бізбен бірге дайындалыңыз:



