Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің аттестаттаудан өтуі бойынша. Әдістемелік ұсынымдар

Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің аттестаттаудан өтуі бойынша әдістемелік ұсынымдар – Астана қаласы: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2023. – 96 б.
Методические рекомендации по прохождению аттестации педагогами организации среднего образования – город Астана: Национальная академия образования имени И. Алтынсарина, 2023. – 96 стр.
Әдістемелік ұсынымдамада орта білім беру ұйымдары педагогтерінің аттестаттаудан табысты өтуі үшін практикалық кеңестер берілген. Бұл әдістемелік ұсынымдамада педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгерістер туралы, аттестаттаудан өткізу тәртібі мен кезеңдері, біліктілік санаттарына қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізбесі сипатталған. Әдістемелік ұсынымдама мектеп әкімшілігіне, педагогтер мен әдіскерлерге, сондай-ақ білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандарына арналған.

ГЛОССАРИЙ
Аттестатталушы – аттестаттаудан өтетін және біліктілік санатын алуға (растауға) үміткер адам;
Аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);
Аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган;
Аттестаттау кезең – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, оның барысында аттестатталушы біліктілік бағалаудан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді, осы Қағидаларға сәйкес Педагогтің білімін бағалауды тапсыруға өтініш береді;
Апелляция – педагогтің сұранысы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия — педагогтердің білімін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
Біліктілік санаты – «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына немесе кәсіптік стандартқа («Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы) (бұдан әрі кәсіптік стандарт) сәйкес келетін педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – аттестатталушы жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
Педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
Педагогтердің білімін бағалау – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
Педагогтің цифрлық профилі – Ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйесіне жүктелген педагогтің электронды деректері.
Педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды парақша).

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх