1-ден 10-ға дейінгі сандар. Тура және кері санау. Геометриялық фигураларды қайталау

Жалелова Айнур Бахтыбаевна
Атырау қаласы, Ракуша ауылы
М. Өтемісов атындағы орта мектеп
МАД “А”сыныбы
Тәрбиеші


Мақсаты: 10 — ға дейінгі сандар еске түсіру.

Білімділік міндеті: Тура және кері тәртібімен. қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату.

Түзету — дамытушылық міндеті: Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту

Тәрбиелік міндеті: Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын

Көрнекі құралдар: суреттер, теледидар, қарындаштар, ақ парақ, карточкалар, смайликтер, сандар

Сөздік жұмысы: пішін ,апта,мезгіл

Қостілділік компоненті: пішін –фигура,апта-неделя, көктем-весна

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн жер ана!

Қайырлы күн сүйікті балабақшам!

Қайырлы күн жер ана!

Қайырлы күн құрметті қонақтар!

-Жарайсыңдар!

Қане барлығымыз орнымызға отырайық.

Қызығушылықты ояту.

1,2,3.

Топтың іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!

-Балалар қазір жылдың қай мезгіл?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

-Қайдай атаңдаршы?

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Бір аптада неше күн бар?

-Жеті күн бар.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Сейсенбі күн.

Сөздік жұмыс.

пішін –фигура,апта-неделя, көктем-весна.

-Апта туралы санамақ білесіңдерме?

Гүлзат.

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуен құрдық аулада,

Сәрсенбіде сурет салдық ,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні тамақ жедік дәмді етіп,

Сенбі күні теледидар көріп қуандық,

Жексенбіде үйде болып дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

-Тамаша.

Ұйымдастырушылық- ізденістік. Тосын сәт.

-Балалар,есікті біреу қағып жатқан сияқты,естисіңдер ме? — Балалар, тақтада Айман қуыршағымыздың суреті тұр, қуыршағымыздың моншағы үзіліп қалыпты. (Балалар жауаптары) Тақтада әдемі салынған қуыршақ суреті ілініп тұрады. — Сәлеметсіздер ме, балалар, менің атым Айман, сендерге көмек сұрап келдім. Менің әдемі моншағым үзіліп қалды, егерде сендер менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер, моншақтар заңдылық тәртібімен тізіледі. Моншағымның заңдылық тәртібі жоғарыда суретте көрсетілген. Тапсырма орындайсыңдар ма балалар? (Балалар жауаптары) Қуыршақтың тапсырмаларын хаттан алу.

№1 тапсырма. — Балалар, сендер 1 — ден 10 — ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма? — Айман қуыршақ біздің балалар санап қана қоймайды, санау әнін де әндетіп айта алады. Слайд көрсету. 1. 1 — ден 10 — ға дейін тура санау. 2. 10 — нан 0 — ге дейін кері санау. — Тамаша, олай болса 1 тапсырма орындалды, Айман қуыршағымыздың бірінші моншағын тізуге көмектесейік. Қәнекей, жіпке тізуді бастайық. Заңдылық бойынша, Бірінші қандай түсті моншақ тізіледі? Моншақты ілу. Келесі тапсырманы алайық. №2 тапсырма.

Ойын: «Адасқан аңдар ?».

Ойынның мақсаты:сандарын оң және сол жақ көршісін тауып,онды,солды ажыратуды үйренеміз.

Ойынның шарты:Балаларға мына сандар қойылады.(1,2,3,4,5,6,7,8,9,10),олар сандардың көршісін табу және атауы керек,ретімен қойып береді.

1 3 5 7 9

2 4 6 8 10

Айман қуыршағымызға моншағын тізейік, заңдылық бойынша, қандай моншақ тізіледі? Сандарды дұрыс тапқандарың үшін 2 моншақты тізейік. №3 тапсырма.

-Балалар осы тапсырманы орындамас бұрын,қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

-төрт бұрыш, үшбұрыш, домалақ,сопақша.

-Жарайсыңдар.

Д/О «Сөз ойла,тез ойла».

Шарты:Балалар ұшбұрышқа және тіктөртбұрышқа ұқсас заттарды атайды.

Мысалы: Үшбұрыш – сәукеле,үйдің шатыры,шырша.

Тіктөртбұрыш – есікке,терезеге,үстелге т.б. Айман қуыршағымызға кезекті моншағын заңдылық бойынша тізейік.

— Қанекей балалар бір сергіп алайық. Сергіту сәті. №4 тапсырма.

Дидактикалық ойын «Келісемін — келіспеймін» Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар бірге жауап береді. Келісемін – келіспеймін. 1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды. 2. Қарбыздар талдың басында өседі.

  1. Жазда шанамен сырғанаймыз 4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді. 5. Лимон тәтті болады. 6. Шыршаның түсі қызыл. 7. Алма шаршыға ұқсайды. 8. Балықтар талда өседі. 9. Сиырдың 4 аяғы болады. Айман қуыршаққа моншақ заңдылық бойынша ілейік. №5 тапсырма.

Есеп — жұмбақ А)- Екі балапан тұр, Екі балапан отыр. Шатаспай тез ойлансаң, Барлығы қанша балапан? (4) ә)- Бес алманың үшеуін, Досың сұрап алды. Айтшы, сонда нешеуі, Өз қолыңда қалды? (2) б)- Тал бойында тізіліп Бес жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Ұшып кетті үшеуі. Ілініп тұр әлі Жапырақтың нешеуі? (3) №6 тапсырма.

Балалар мына суретте ненің суреті бейнеленген?

-Диназавр.

-Сурет неден салынған?

-Сандардан.

-Жарайсыңдар.

(Балаларды бір-бірден шығарып,сандарды бояйды).

Айман қуыршаққа 6 моншақ заңдылық бойынша ілейік.

№7 тапсырма «Үйшік» ойыны.

-Қараңдаршы балалар,жазық далада үлкен емес,кіші емес бір үйшік тұр.Сол жазық дала бойымен 1 саны жүгіріп келеді,үйшікті көреді де есікті қағады,ешкім жауап бермеген соң ішке кіреді.Мен осы үйшікте тұрайын деп,үйшікке орналасады.Солай 2,3,4,5,6, сандары келіп берілген тапсырманы орындап барлығы бірге тұрады.

Айман қуыршаққа 7 моншақ заңдылық бойынша ілейік.

№8 тапсырма «Санға байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?».

Бағлан:

Үйімде бар үш қалам,

Үшеуін де ұштаған.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққы ұқсаған.

Әділет:

Бестік деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

Беске оқыған баланы.

Эмир:

Бір дегенім бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім елім,

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

-Жарайсыңдар.

№9 тапсырма. «Ұзын-қысқа жолақшаларды ретімен орналастыру».

Айман қуыршаққа моншағын заңдылық бойынша ілу.

№10 тапсырма. «Санамақтан үй мен күнді жасаңдар»

-Балалар алдарыңда ақ ,сары түсті санамақтардан үй мен күнді жасайық.

-Жарайсыңдар. — Ал, енді балалар Айман қуыршағымыздың моншақтары әдемі болып тізілді, кәне санайықшы неше моншақ бар екен? Заңдылық бойынша балалар моншақтарды санайды.

-Жарайсыңдар балалар,өте тапқыр екенсіңдер.Берілген тапсырмалардың барлығын жақсы орыңдадыңдар.Ал енді осы моншағымызды Айман қуыршағымызға пошта арқылы жібереміз.

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Біз қандай тапсырмаларды орындадық?

-Несімен қызықты болды?

Ал бұл сұраққа қазір мына смайликтер арқылы көрсете аласыңдар.

-Балалар сендерге көп рақмет! Келген қонақтармен қоштасып,рақмет айтайық.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх