“Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі”

Есентаева Мадина Бауржановна

Тәрбиеші –  ұлы тәрбиенің  тірегі

«Бала туғанда ақ қағаздай туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң,

 қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты

өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»

 

Жан Жак Руссо

 Тәрбиеші-ол жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізү үлкен қасиет. «Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Балабақша тәрбиесінен өтпеген бала-суарылмай тұрған гүл сиякты, барлық әсем түсінен айырылып қалады. Қазіргі   таңда  Қазақстандық  білім  беру  жүйесі  қарқынды   дамуда.

  Бағыты – тура, мақсаты –  айқын,  міндеттері  жоспарлаулы  білім  саласының  бүгінгі  жеткен  жетістіктері  аз  емес. Білімді  ұрпақ – ел  келешегі.

  Мектепке дейінгі  кезеңде  білім  берудің  сапасын  қамтамасыз  ететін  негізгі  қадам .  Негізгі қадамды,  тәрбиеленушіге  бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие  беретін  ол – тәрбиеші. Баланы  жүйелі  сатылы  дамыту,  бір  буыннан  екінші  буынға  неғұрлым  сәтті  өтуге  бағыттауда  тәрбешінің атқаратын  қызметі   орасан  зор. Тәрбиешінің   бейімділігі, дарындылығы  көбінесе  балалардың  еліктеуіне  үлкен  септік  тигізеді.  Балаларды  әдемі  сөйлетуге, танымдық  қасиеттерінің  дамыту – тәрбиешінің  мақсаттарының  бірі.

  Тәрбиеші балаға  деген  ыстық  ықылас  бір  сөзбен  айтып,  көрсетіп  қана қоймай, бар жүрегі  сезіне  білуі  қажет. Адам  еңбегінен  қуаныш  таба  білсе,  бойына жаңа   күш  қосылып, еңбекке  деген  шабыты арта  түседі. Педагогикалық  шеберліктің  мәні  алдымен  қызықтыру,  сонан соң  үйрету  деген  тұжырымдаманы  негізге  аламын. Менің  негізгі мақсатым  балаларға  жақсы  көңіл-күй  сыйлай  отырып,  саналы тәрбие ,  сапалы  білім  беру.             Мектепке  дейінгі  тәлім-тәрбиені  жақсы  сіңірген  бала,  саналы  түрде  сапалы  білім  алуға  тырысады. Жақсы  тәрбиеленген  адам  ғана  айналаны,  қоршаған  ортаны  тәрбиелей   алады.  «Адамды  тәрбиелеу – демек  оның  ертеңгі  қуанышқа  ие  болатын  келешек  жолын  тәрбиелеу» – демекші  біз  балаларымыздың  болашағына,  тәрбиесіне  жауапты  жандармыз.

   Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиеші алға қойған мақсаты-міндеті мен педагокикалық  ұстанымы  болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым- жүрек қалауы мен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші  болу жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнерінді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің.

 Мен бөбекжайда жетінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқан «Мен дәрігерден гөрі, тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер ауырған жеріңді емдесе, тәрбиеші өн бойыңды емдейді» — деп өзінің құнды пікірін қалдырған екен. Ақиқатында осы бір ауыз сөздің астарында қаншама мейірім, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Болашақтағы біздің қоғамның дамуы мен өркендеп қанат жаюы, келешектегі келбеті қазіргі уақытта тәрбиелеп жатқан жас ұрпаққа байланысты екендігі сөзсіз. Ал ол жас ұрпақтың бастауы біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз. Қазіргі қоғам талабына сай білім беру жүйесінің ерекшілігінің бірі-мектепке дейінгі тәрбиеге баса назар аударылып отыр. Сол себепті де бізге артылатын сенім мен жүк өте ауыр. Сол сенімді ақтау әрбір ұстаз бен тәрбиешінің басты  міндеті деп ұғынамын.

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  жұмыстардың  басты  бағыты  оқу-тәрбие  процесін  жүйелі  жоспарлау, жаңа  инновациялық  технологияларды  ендіре  отырып  балаларды  дамытудың  тиімді  жолдарың  қарау. Мен  өзімнің  әріптестеріме   жаңа  инновациялық,  әдістемелік  көмек  беріп,  оларға  мейірімділікке, шыдамдылыққа ,  шығармашылық  қабілеттерің  дамытуға  қолымнан  келгенше  көмектесуге  тырысамын.

  Мағжан Жұмабаев: «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет» депті. Демек, осы астарлы ойы арқылы тәрбиені келер күн талабымен ұштасуы деген сөз. Менің  өмірдегі алға қойған  мақсатым еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда  өзіндік үлесімді қосу. Осы мақсатты жүзеге асыруда алдыма біршама міндеттер қойып, талмай еңбек етуге талпынудамын. Менің ойымша тәрбиеші ең алдымен алдындағы әр- бір бүлдіршінді сүюі, олардың әрқайсысының жан дүниесіне үңіліп, рухани дамуына, баланың ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын,ол қандай жағдайда жүргенін басты назарда ұстауымыз керек, жаңа қоғамдағы білім беру жүйесінің талаптарына сай жаңа формациядағы тәрбиеші бейнесін өз бойымызға  қалыптастыра білгеніміз абзалы. Сонымен қатар тәрбиешінің бойындағы ең жоғары адамгершілі  құндылықтар мейірімділікті, сыйластықты, махаббатты ұштастыра отырып, баланы оқытып жатқан үрдіске қызықтыра алуымыз керек. Осы тұрғыда маған жол сілтеп, шамшырақ болып жүрген аяулы да ардақты ұстаздарыма мын алғыс. Еш уақытта шаршауды білмейтін , көп еңбектеніп көп білетін сол білгендерін аянбай бізге жан – жақты,  үлкен әсерлі де сезіммен жеткізе білетін абзал жандар. Мен Ұстаздармды әр уақытта мақтан тұтамын және де маған артқан сенімін ақтауға тырысамын.. Ұстазға деген зор құрметпен алғысымды білдіремін.

«Тәрбиеші – ұлы тәрбиенің тірегі» деп айткандай жалықпайық, аянбай еңбек етіп , келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеп ,білім беруге өз үлесімізді косуға шақырамын.

   Кішкентай  бүлдіршінді  мәпелеп, баулып,  үйренген  нәрселерін  өмірде, іс  жүзінде  қолдана  білуге  жаттықтыра  алған , үлгі  бола  алған  адам  ол – ТӘРБИЕШІ.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *