Бізді қоршаған әлем
Атырау қаласы, Құрманғазы ауданы
МКҚК «Өркен» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші:Р.Ж Галиева.
«Боташым» тобы 15.02.2022ж
Өтпелі тақырыбы: «Бізді қоршаған әлем»
Апта тақырыбы: «Электроника әлемі»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Ұ.О.Қ тақырыбы: «Электротехникалық тұрмыстық заттар»
Смарт мақсат: Электротехникалық құралдарды атайды, ол заттарды жалпы
және ерекше белгілері бойынша ажыратады,олардың қолданысын түсінеді
Қажетті құрал-жабдықтар: Слайд,үлестірмелі материалдар,тақырыпқа байланысты суреттер.
Сөздік жұмыс: шаңсорғыш,теледидар,тоңазытқыш, кір машинасы,блендр, шәйнек.
Билингвалді компонент: шаңсорғыш-пылесос,теледидар-телевизор,тоңазытқыш-холодильник, кір жуғыш машина – стиральная машина
Әдіс –тәсілдер: Бала үні; Ашық сұрақтар; Топтастыру; Люллия; Зерттеу; Бастыру; От шашу. Ұ.О.Қ жүру барысы:
Кіріспе бөлім: -Сәлеметсіңдерме балалар, көңіл-күйлерің қалай? Бүгін бізде ерекше күн,себебі сендердің білімдеріңді, тапқырлықтарыңды көруге қонақтар келіпті.Ал, қане ол үшін қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық.
Негізгі бөлім: -Балалар біз бүгін электротехникалық тұрмыстық заттар туралы әңгіме қозғаймыз.
Электротехникалық заттар туралы қызықты ойындар мен тапсырмалар орындайтын боламыз.
Электротехникалық заттардың қауіпсіздік ережелерімен танысамыз. Ол үшін барлықтарың маған назар аударыңдар. Қазір біз электротехникалық заттар жайлы жұмбақтардың шешімін табатын боламыз.
Үйімде бір құлтемір бар Оның тұмсығы ұзын.
Ұшақ дерсің гуілдеген, Тазалыққа жаны құмар.
Түшкірмей-ақ, пысқырмай, Жалықпай ол шаң сорар. (Шаңсорғыш)
Қандай көлік – бұл таңқаларлық!
Оның артынан бәрі таза, әдемі …
Дақтар мен кірді ол бәрінен тазартады Өзі бәрін сығып алды – шайып. (Кір жуғыш машина)
Оттай ыстық табаны,
Мыж-мыж қыртысты,
Тігістеп жазып барады (Үтік)
Аязға толы жәшігім,
Ішінен тамақ тасыдым. (Тоңазытқыш)
Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж – быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар. (Шәйнек)
Кино менен концерттi,
Үйде қойып беремiн,
Жаңалығын бар елдiң.
Өз көзiммен көремiн (Теледидар)
Электротехникалық тұрмыстық заттар – электр көзі арқылы жұмыс жасап, біздің өміріміздегі атқарылатын жұмыстарды жеңілдетуге, жылдамдатуға көмек береді.
Ашық сұрақтар:
-Ал, балалар, электро техникалық заттар қалай жұмыс жасайды екен? -Олардың қандай түрлері бар екен? -Оларды біз не үшін қажет етеді екенбіз?
-Электротехникалық заттарды пайдалануда қандай ережелерді сақтау қажет? Топтастыру:
-Ал, енді балалар бүгін біз оқу қызметімізде танысқан электротехникалық тұрмыстық заттардың түрлері бойынша әр түрлі ойын арқылы тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін, бірінші, барлықтарың мені мұқият тыңдап алыңдар.
1-топ «Шаңсорғыш» тобындағы балалар әр қайсысың жеке жұмыс жасайсыңдар.
Тақырыбы: «Сиқырлы шеңбер» Мақсаты: Есте сақтау қабілеттері артады. Сыни ойлауға үйренеді. Шарты: Люллия шеңбері арқылы электротехникалық заттарды ажыратып, не үшін қажет екендігін атайды.
2-топ «Блендер» тобындағы балалар командамен бірігіп жұмыс жасаймыз. Тақырыбы: «Сүтті шырын» Мақсаты: Сыни ойлау дағдысы қалыптасады. Электротехникалық затты қолданудың ережелерін іс жүзінде көрсетеді. Шарты: Балалар өздерінің қолдарымен блендер арқылы сүтті шырын жасайды. Жемістердің қабығыннан ажыратып, шырынның жасалу жолын үйренеді.
3-топ «Кір жуғыш машина» тобындағы балалар бастыру әдісі арқылы майшамның көмегімен теледидардың бейнесін салады. Тақырыбы: «Қызықты теледидар» Мақсаты: Балаларды шығаршалыққа баулып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шарты: Майшам арқылы бастырып, теледидардың бейнесін бояу. -Жарайсыңдар, балалар, тапсырмаларды орындап болсақ, бәріміз бірге сергіп алайық.
Сергіту сәті: Кірді салып суға, Дайындаламын жууға. Ысқылаймын-ысқылаймын, Өзім сондай пысықаймын. Қысамын тым қатты, Суы оның көп ақты.
Қағып-қағып киімді, Ілеміз толтыра біз жіпті.
– Енді бүгін кім қандай топта жұмыс жасады?
Қандай заттармен таныстыңдар? Кім әңгімелеп береді? -Жарайсыңдар, балалар, барлығыңнан керемет сұрақ-жауаптар алдым.
Рефлексия: Жарайсыңдар, балалар сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
Мадақтау. «Отшашу» әдісі. Смайликтер тарату. Қоштасу.