«Әке – бәйтерек»
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік».
Оқу қызметі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Әке – бәйтерек»
Мақсаты: Жанұядағы әкенің орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әкеге құрмет көрсету. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты, әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әке туралы нақыл сөздердің тәрбиелік мағынасын түсіндіру. Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айтқызып үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап.
Билингивалық сөздер: құрмет, сыйлау, жақсы көремін, мейірімді, мекің әкем.
Тақырып барысы: Құрметті әкелер, қонақтар сіздерге арналған «Әке – асқар тау» атты ұйымдастырылған оқу қызметін ашық деп жариялаймыз. Әке – шаңырақтың негізгі тірегі, ерекше тұлға. Әрбір бала өз әкесіне қарап өсетін нысанасы. Әке – ақылшым, тірегім дей отыра, бүгінгі сый-құрмет өздеріңізге арналады.
Ән: «Менің әкем, ең жақсы адам»
Музыка әуенімен ортада балалар, вальс билеп кіреді.
Мұғалім: Балалармен сәлемдеседі. Қонақтармен сәлемдесуге шақырады.
Шаттық шеңбері
Балалардың сәлемдесуі:
Жарқырап күнде ашылды
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар,
Біз бердік сізге сәлемді.
Мұғалім: Балаларды орындарына жайғастырып, отырғызады. Қыс мезгілі туралы сұрақ-жауап алынады.
Балалар: Сұраққа толық дұрыс жауаптарын береді.
Мұғалім:Балалар, бүгін бізге кімдер қонаққа келді?
Балалар: Әкелеріміз.
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі кешімізді, әкелеріміздің құрметіне арнап, барлық сыйластығымызды көрсетейік. Балалар, сендер әке туралы қандай тақпақ білесідер?
Балалар өлең-тақпақтарын оқиды.
1-оқушы: Арқа сүйер панасың,
Ақылы мол данасың.
Адал етіп өсірген,
Мендей ерке баланы.
2-оқушы: Әкетайым асылым,
Жақсы көрем өзіңді.
Құрметтеп мәңгі өтемін,
Мәпелеген өзімді.
Мұғалім: Ой, бәрекелді! Ал енді әкелер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Балалар:
1-оқушы: Әкеден -ақыл
Анадан – мейір.
2-оқушы: Әкені көріп ұл өсер.
Анасын көріп қыз өсер.
3-оқушы: Сайына қарай – саласы
Әкесіне қарай – баласы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Балалар әке деген кім?
Балалар:
1-оқушы: «Әке – отбасыныі тірегі»
2-оқушы: «Әке – асқар тау»
3-оқушы: «Әке – баланың қорғаны»
Мұғалім: Балалар мен сендерді ертегі көруге шақырамын, ертегіні бірге тамашалайық.
«Әке мен бала»
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Мұғалім: Балалар сендер ертегіден нені түсіндіңдер, ертегінің қандай тәрбиелік мәні бар?
Балалар: Әкенің ақылын тыңдау, құрметтеу, еріншек-жалқау болмау. Мұғалім: Дұрыс, міне біз ертегіні көріп, әкеміздің ақылды, қамқоршы, дана адам екенін білдік.
Мұғалім: Әкелерді ойынға шақырады. Балаларды да, ойынға шақырады. Ойын: «Өз әкеңді тап!»
«Өз балаңды тап!»
Мұғалім: Әкелерге алғысын айтады.
Қорытынды: Балалар, бүгін біз сендермен қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?
Балалар: Әкелер жайлы.
Мұғалім: Біздің әкелереміз қандай адам екен?
Балалар: Ең жақсы адам, ақылды, батыр, мейірімді, қамқоршы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, әрқашанда, әкелеріңді құрметтеп, сыйлаңдар,
тәртіпті және білімді болып өсе беріңдер!
Мұғалім: Қонаққа келген әкелерден бата сұрайды.
Құрметті әкелер, бүгінгі біздің «Әке – бәйтерек» атты, ұйымдастырылған оқу-қызметіміз осымен аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, алғысымызды білдіреміз. Келген аяқтарыңызға гүл бітсін!
Келесі кездескенше cay-саламат болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әке туралы өлең шумақтарын жатқа айта біледі.
Игереді: Әке деген ұғымды, отбасындағы әкелердің құрметін түсінеді, игереді.
Меңгереді: Қазақ тіліндегі тән дыбыстарды анық айта біледі. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін дұрыс түсіне меңгереді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718