Анау – аспан, мынау – бақ
Анау – аспан, мынау – бақ
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.
Аспан, жердің арасын.
Дәрігер-қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Таңдырып ап мандайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп, тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
…Қыс – тазалық, қыс – аппақ,
Әрі өкініш, әрі өлең…
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718