Бала денсаулығы

Бала денсаулығы

 

Баланың денсаулығы сау, еш жері ауырмай, мықты болып өссе одан бақытты бала болмас. Денсаулық әрбір адам үшін қымбат екендігін бәріміз білеміз. Дені сау бала-бақытты бала деп ұғымды ұйқастырсақ болады. Егер де баланың көңіл-күйі болмай, мазасыз болса демек ол денсаулығына байланысты. Жалпы, балалардың денсаулық мәселесі әртүрлі себептен туындайды. Ана ішінде жатып, ананың қозғалысынан туындауы мүмкін. Не болмаса туыла сала пайда болған кінәраттар болуы мүмкін. Жалпы, баланы дәрігерге уақытылы қаратып, денсаулығы жөнінде ақпаратты уақытылы алған дұрыс. Себебі бала денсаулығы әрбір отбасы үшін үлкен рөл атқарады.

Беймаза балалар дені сау балалардан үлкен айырмашылықта болады. Мысалы беймаза балалар қорғауды қажет етеді. Оларға арнайы күтім керек болады. Ата-анасы дұрыс балаға көңіл бөлмесе, ауру түрі асқынуы да мүмкін. Сондықтар балалар дәрігерімен ата-ана тығыз байланыста болуы шарт. Беймаза балалар ортадан жасқанып, қорқуы мүмкін. Ондай жағдайды ата-ана тез аңғарса жақсы. Балалардың қазіргі қоғамдық қатынастарға байланысты ауру түрлері жиі әрі әртүрлі болады. Сол себептен денсаулыққа аса күтім әрі дұрысынан қарау керек. Себебі ол өте маңызды рөлді атқарады.

Жалпы, бала денсаулығы нашарласа медицина көмегіне жүгініп, асқан байыппен ата-ана қарау керек. Балаларыныз беймаза болса бізден кеңес:

Баланы жиі мақтап, назар аударып, уақыт бөліңіз.

Писхологқа жүгініп, ақпарат алып, баламен қарым-қатынасыңыз жақсы әрі қалыпты болсын.

Басқа балалармен салыстырмаңыз. Тек өз балаңыздың кішкене жетістігі болса да мақтап, жылы сөз айтыңыз.

Іс-шара, концерттерге қатыстырып, белсенді қылыңыз.

Қызығушылық тудыратын әрекеттерін қарап, соған бейімдеңіз.

Ортасына көңіл бөліңіз. Дұрыс қадағалаңыз!

Бала-жарқын болашақ кепілі. Оның бақытты болуын әрбір ата-ана қалайды. Сол себептен баланың денсаулығына жіті бақылау жасап, назар салған дұрыс!

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *